N01AX11 Натрий оксибаты (Sodium oxybate)
Қолдану көрсеткіштері
Хирургияда, акушерлікте және гинекологияда бастапқы және базистік наркоз жүргізуге арналған ингаляциялық емес есірткілік зат ретінде
-
Клинические протоколы:
- Менингококковая инфекция
Қарсы көрсеткіштері
Хирургияда, акушерлікте және гинекологияда бастапқы және базистік наркоз жүргізуге арналған ингаляциялық емес есірткілік зат ретінде.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты порфириясы бар пациенттерге қолданбау. Жалпы анестезия жүргізу кезінде, натрий оксибатын ауыр гипертензиясы, брадикардиясы, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, эпилепсиясы, эклампсиясы, бүйрек жеткіліксіздігі бар және алкогольді шамадан тыс пайдаланатын пациенттерге қолданбау.Апиындармен және барбитураттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану.Анемнезінде депрессиялық бұзылыстары және/немесе суицидтік әрекеттер болған пациенттерге натрий оксибатымен емдеу кезінде тұрақты бақылау қажет. Препаратты қолдану кезінде пациент көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін шоғырландыру мен психикалық және қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығын қажет ететін басқа жұмыстарды орындаудан бас тартуы керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бензодиазепиндер - тыныс алу орталығының тежелу қаупінің жоғарылауы. Апиындық анальгетиктер, барбитураттар, миорелаксанттар, және ОЖЖ тежейтін заттар - седативтік әсердің күшеюі.Трициклді антидепрессанттар - жағымсыз әсерлер жиілігінің артуы.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі және натрий оксибутиратының организмге жүйелік экспозициясының уақыты ұзаруы мүмкін.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас айналуы, жүрек айнуы.Сирек: аса жоғары сезімталдық, анорексия, тәбеттің төмендеуі, депрессия, катаплексия, әдеттен тыс түс көрулер, сананың шатасуы, бағдарсыздық, түнгі қорқыныштар, сомнамбулизм, ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, қозу, суицидтік әрекеттер/ойлар, психоз, параноя, елестеулер, патологиялық ойлар, ажитация, ұйықтаудың қиындауы, бас айналуы, вертиго, бас ауыруы, ұйқышылдық, тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы, зейіннің бұзылуы, гипоестезия, парестезия, дисгевзия, бұлшықеттердің құрысып тартылуы, амнезия, мазасыз аяқтар синдромы, құрысулар, көрудің нашарлауы, жүректің қағуы, гипертензия, брадикардия, ентігу, мұрынның бітелуі, назофарингит, синусит, тыныстың тарылуы, апное, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, үлкен дәретті ұстай алмау, гипергидроз, бөртпелер, есекжем, артралгия, бұлшықет түйілуі, бел ауыруы, несепті ұстай алмау, никтурия, астения, қажығыштық, масаю сезімі, гипокалиемия, шеткергі ісінулер, дене салмағының артуы.
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Көктамыр ішіне 5-10 минут бойы 30-50 мл 5% глюкоза ерітіндісінде 100 мг/кг дозада.