M05BA08 Золедрон қышқылы¹ (Zoledronic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Қолдану көрсеткішін препараттар атауларының төменгі бөлігінен қараңыз.
-
Клинические протоколы:
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Остеопороз
- Рак предстательной железы
- Первичный гиперпаратиреоз
- Рак мочевого пузыря
- Хронический гепатит В у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Золедрон қышқылына, басқа да бисфосфонаттарға немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Инфузияны талапқа сай гидратация жағдайында жүргізеді. Бұл әсіресе егде жастағы және диуретиктермен ем қабылдап жүрген пациенттер үшін маңызды. Жақтың остеонекрозы дамуы мүмкін. Барлық пациенттер ауыз қуысының ұтымды гигиенасын сақтау керек, стоматологтың кәдімгі қарауынан өту, және золедрон қышқылымен емдеу кезінде тістің қозғалғыштығы, ауырсынулар немесе ісінулер, ойық жаралардың жазылмайтындығы сияқты, ауыз қуысының кез келген симптомдары жайлы тез арада дәрігерді хабардар ету керек. Пациенттерге жамбас, ұршық буыны немесе шап бөлігінің кез келген ауырсынулары жайлы дәрігерді хабардар етуді ұсыну керек, осындай симптомдары бар барлық пациенттерді ортан жіліктің мүмкін болған сынуына тексеру керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Аминогликозидтер (мысалы, гентамицин) – гипокальциемияның жоғары қаупі;• Антацидтер, алюминий, кальций, магний, темір тұздары – пероральді бисфосфонаттар абсорбциясының төмендеуі;• СЕҚҚП - асқазан-ішек жолдары тарапынан жанама әсерлерінің жоғарылау мүмкіндігі.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметін жүйелі бақылау қажет. Креатинин клиренсі 30 мл/ мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипофосфатемия;Жиі: анемия, бас ауыруы, парестезия, ұйқының бұзылуы, конъюнктивит, жүрек айнуы, құсу, анорексия, іштің қатуы, гипергидроз, сүйектің ауыруы, миалгия, артралгия, дененің жайылған ауырсынуы, буындардың құрысуы, гипертензия, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел фазалы реакция, қызба, тұмау тәрізді аурулар (шаршауды, қалтырауды қоса), шеткергі ісінулер, астения, қанда креатинин мен мочевина деңгейлерінің жоғарылауы, гипокальциемия;Жиі емес: тромбоцитопения, лейкопения, жоғары сезімталдық реакциясы, бас айналуы, дәм сезудің бұзылуы, гипостезия, гиперстезия, тремор, мазасыздық, көру өткірлігінің нашарлауы, диарея, абдоминальді ауырсыну, диспепсия, стоматит, ауыздың құрғауы, диспноэ, жөтел, қышыну, бөртпе (эритематоздық және макулярлық бөртпені қоса), жақ остеонекрозы, бұлшықет түйілулері, гипотензия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, инъекция орнындағы реакциялар (ауыруды, тітіркенуді, кебуін, тығыздануын, қызаруын қоса), кеуденің ауырсынуы, гипомагниемия, гипокалиемия, дене салмағының жоғарылауы;Сирек: панцитопения, сананың шатасуы, брадикардия, ангионевротикалық ісіну, артрит және буындардың ісінуі (жедел фазалы реакцияның симптомы ретінде), гиперкалиемия, гипернатриемия;Өте сирек: тырысулар, гипестезия және тетания (гипокальцемия аясында).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.