M05BA02 Клодрон қышқылы¹ (Clodronic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Қатерлі ісіктерден болған сүйектегі гиперкальциемияны және  остеолитикалық метастазаларды емдеуде.Клиникалық хаттама:   1. Сүт безі обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа, басқа бисфосфонаттарға жоғары сезімталдық, басқа бисфосфонаттармен қатар емдеу.

Қауіпсіздік шаралары

Клодрон қышқылы негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан препаратпен ем жүргізу кезінде науқасқа сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету қажет. Тістер экстракциясынан және/немесе ауыз қуысының жергілікті инфекцияларынан кейін (остеомиелитті қоса) көктамырішілік немесе пероральді бисфосфонаттарды қабылдайтын қатерлі аурулары бар пациенттерде жақсүйегінің остеонекрозы дамыған жағдайлар сирек сипатталған. Бұл пациенттердің көпшілігі химиялық ем мен кортикостероидтарды да қабылдаған. Препаратпен ем алатын науқастарда инвазивті стоматологиялық емшаралар жүргізбеген жөн. Препараттармен емделу кезінде пациенттер сан аймағындағы, ұршық буындарындағы немесе шап аймағындағы кез келген ауыруға көңіл аударғаны және ол жөнінде дәрігерге хабарлағаны жөн. Мұндай пациенттерде ортан жіліктің толық сынған - сынбағандығын анықтау қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

СЕҚҚП (диклофенак) - бүйрек қызметінің бұзылуы.Аминогликозидтер - гипокальциемия дамуы мүмкін.Эстрамустин фосфаты - эстрамустин фосфатының қан сарысуындағы концентрациясының 80 %  дейін ұлғаюы.Екі валентті катиондар (мысалы антацидтік препараттар немесе темір препараттары) - клодрон қышқылы биожетімділігінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының бұзылысы бар науқастарда препаратты қолданғанда сақ болу керек (креатинин клиренсі < 30мл). 1600 мг ең жоғары тәуліктік доза аспауы тиіс болып ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: симптомсыз гипокальциемия, жүрек айнуы, құсу және диарея, аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы.Сирек: гипокальциемия, аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы, тері реакциялары түріндегі асқын сезімталдық реакциялары, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел лимфоцитарлы лейкемия, ортан жіліктің атипиялық ұршықасты және диафизарлы сынулары.Өте сирек: бронх демікпесі бар пациенттерде тыныс алу функциясының нашарлауы, респираторлы бұзылулар, аса жоғары сезімталдық, конъюнктивит, эписклерит, склерит, увеит.Бірегей жағдайлар: жоғарғы жақ сүйектері остеонекрозының жекелеген жағдайлары, әсіресе, негізінен бұрын золендрон қышқылы және памидронат сияқты амино - бисфосфонаттар қабылдаған пациенттерде, сүйектерде, буындарда және/немесе бұлшықеттердегі айқын ауырулар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.