M04AA03 Фебуксостат (Febuxostat)

Қолдану көрсеткіштері

80 мг және 120 мг. Ураттар кристалдарының жинақталуымен қатар жүретін аурулардағы созылмалы гиперурикемияны емдеу (соның ішінде тофустар және/немесе подагралық артриттің қазіргі уақытта немесе анамнезінде болуында).120 мг. Қатерлі гематологиялық ауруларға қатысты химиотерапевтикалық препараттар қабылдайтын, ісіктің ыдырау синдромының (ІЫС) жоғары және орташа даму қаупі бар пациенттердегі гиперурикемия емі және профилактикасы.Клиникалық хаттама:   1. Подагралық артрит
    Клинические протоколы:
  1. Подагрический артрит

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; галактозаны көтереалмаушылықпен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылуымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулар.

Қауіпсіздік шаралары

Жүректің ишемиялық аурулары немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды. Дәрілік препаратқа ауыр ағымына дейін, аллергия/жоғары сезімталдықтың дамуы мүмкін. Емдеуді тек подаграның өршуін шеттеткеннен кейін бастау керек.  Меркаптопурин/ азатиоприн қабылдайтын пациенттерге және Леш-Нихан синдромында қолдануға болмайды. Қалқанша безі функциясының бұзылуы бар пациенттерге  сақтықпен қолдану. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдермен басқаруда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Меркаптопурин/азатиоприн – осы препараттардың уытты әсерлері және концентрацияларының жоғарылауы.  Глюкуронизация индукторлары - несеп қышқылының сарысулық концентрациясын бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 30 мл/мин  кем болғанда қолданылуы жеткіліксіз зерттелген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін бақылаумен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: подагра ұстамалары, бас ауыруы, диарея, жүректің айнуы, бауыр қызметінің бұзылуы, бөртпенің әр алуан түрлері.Жиі емес: қандағы тиреоынталандырушы гормон деңгейінің жоғарылауы, қант диабеті, гиперлипидемия, жүрекшелер фибрилляциясы, жүректің жиі соғуы, ЭКГ-дағы бұзылыстар, артериялық гипертензия, құйылулар, диспноэ, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, іштің ауыруы, холелитиаз, қаңқа-бұлшықет ауыруы, бүйрек жеткіліксіздігі, нефролитиаз, қан көрсеткіштерінің өзгеруі.Сирек: панцитопения, тромбоцитопения, анафилактикалық реакциялар, препаратқа аса жоғары сезімталдық, анық көрмеу, дене салмағының төмендеуі, тәбеттің артуы, анорексия, ашушаңдық, бауырдың зақымдануы, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевроздық ісіну, рабдомиолиз, буындар бөгелуі, қаңқа бұлшықеттері қозғалысының бөгелуі, тубулоинтерстициальді нефрит.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданылмайды.