A10BH04 Алоглиптин (Alogliptin)
Қолдану көрсеткіштері
Препарат диетамен және дене жаттығуларымен біріктірілімде жеткілікті гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпесе, инсулинді қоса, басқа қант төмендететін дәрілік препараттармен біріктірілімде гликемиялық бақылауды жақсарту мақсатында 18 жастағы және одан үлкен 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерге көрсетілімді.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 2 типа
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; кез келген дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегішіне аса жоғары сезімталдық реакцияларының, анафилаксиялық реакцияны, анафилаксиялық шок пен ангионевроздық ісінуді қоса, анамнезде болуы
Қауіпсіздік шаралары
Ауыр жүрек жеткіліксіздігі және орташа жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданбау кекрек; ДПП-4 басқа ингибитірлеріне анемнезінде ангионевроздық ісіну бар науқастарға сақтықпен қабылдау керек. Күрделі және тұрақты буын аурулары пайда болғанда буындардағы қатты ауырудың болжамды себепкері ретінде дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіштерін қабылдауды қарастыру керек және егер қажет болса препарат қабылдауды тоқтату керек.Күрделі және тұрақты іш ауруы сияқты, панкреатит белгілері пайда болса, препарат қабылдауды тоқтатып тиісті ем жүргізілу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Акарбоза, Канаглифлозин, Дапаглифлозин, Дулаглутид, Эксенатид, Эмпаглифлозин және т.б . - бірге қолдану гопогликемия даму қаупін жоғарылатады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Клиренс креатині 30 мл / мин / 1,73 м 2 төмен болса сақтықпен қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: іш ауруы, гастроэзофагенальді рефлюкторлы ауру, жұқтырудың жоғары қаупі; терілік реакциялар.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ұсынылатын дозасы күніне бір рет 25 мг құрайды.
Бұл бүйрек ауруының ауырлығына қарай күніне бір рет 12.5 мг болуы мүмкін.
Бауыр функциясы шамалы немесе орташа төмендеген болса, ұсынылатын дозасы күніне бір рет 25 мг құрайды.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.