M02AA07 Пироксикам (Piroxicam)

Қолдану көрсеткіштері

Артриттерде: ревматоидты артрит (соның ішінде юнивиальді), остеоартрит, қабыну полиартропатиясы, анықталмаған полиартрит, моноартрит; омыртқа ауыруында (шорбуынданатын спондилит, радикулопатиясы бар спондилоартрит); операциядан кейінгі  және жарақаттан кейінгі ауыртатын қабынуларда және жұмсақ тіндердің, тірек-қимыл аппаратының ісінулерінде; аяқ-қол және дене жарақаттарында, соғылуларда, байлам мен бұлшықет созылуларында;  тенденит және тендовагинитте

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; аспирин мен басқа  ҚҚСД-ға (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер) жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі бронх демікпесі,  ангионевротикалық ісіну, ринит және есекжем симптомдары

Қауіпсіздік шаралары

• Препараттың терінің зақымдалған бөліктеріне, көзге түсуінен және шырышты қабықтармен жанасуынан аулақ болу керек.•  Терінің жергілікті тітіркену белгілері пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Тері реакциялары- қабыну, гиперемия, қабыршақтану,  гель жағылған жерде тері дерматиті болуы мүмкін; қышыну; жергілікті терінің қызаруы; аса жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі  аллергиялық реакциялар (ринит, бронх түйілуі, ангионевротикалық ісіну, есекжем); беттің, еріннің немесе жұту немесе тыныс алудың қиындатуын тудыруы мүмкін  тілдің ісінуі; жүрек айнуы, асқазан ауыруы.

Балаларда қолданылуы

14 жастан асқан балаларға, сыртқа  күніне екі рет ауыру шоғырланған бөліктерге жұқа қабатпен жұмсақ  қозғалыспен ысқылап жағылады, мұнымен бірге таңғыш салынбайды.14 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.