M01AE03 Кетопрофен¹ (Ketoprofen)

Қолдану көрсеткіштері

Артриттер, сонымен қатар ревматоидты, псориатикалық, реактивті (кешенді ем құрамында), спондилоартрит, тендинит, бурсит, невралгияда, миалгияда және қабынумен және ауыру синдромымен қатар жүретін тірек- қимыл аппаратының басқа ауруларында.

Қарсы көрсеткіштері

Кетопрофенге немесе препараттың кез келген компонентіне жеке жоғары сезімталдық, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерге жоғары сезімталдық (анамнезінде көрсетілген ацетилсалицил қышқылын қабылдаумен байланысты демікпе, бронх түйілуі, есекжем немесе ринит), ауыр жүрек жеткіліксіздігі, асқазан- ішек жолдары ауруының өршу фазасы (гастрит, асқазан ойық жара ауруы, анамнезінде асқазан- ішілік қан кетулер, ойықтық тесілулер немесе түзілулер), қан кету (асқазан- ішек, церебро- васкулярлы немесе белсенді қан кетулер), қан кетуге бейімділік, қан тарапынан бұзылыстар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляция бұзылыстары), бронх демікпесі, ринит.

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағы, жүрек аурулары, артериялық гипертензия, анамнезінде АІЖ ойық жаралар немесе асқазан- ішектен қан кетуі бар науқастарға сақтықпен тағайындау. Ем барысында уақытша шылым шегу және алкогольді қабылдаудан бас тарту. Препаратты хирургиялық араласулар алдында қолданбау.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кетопрофен басқа СЕҚҚП-мен бірге қолдануға ұсынылмайды. • Диуретиктер, артериялық қысымды төмендетуге арналған дәрілер- гипотензивтік әсерін төмендетеді.• Гипогликемиялық дәрілер және антиконвульсанттар- тиімділігін арттырады.• Диуретиктер және ангиотензин айналдырушы фермент тежегіштері- нефроуыттылық әсерінің күшеюі.• Жүрек гликозидтері, литий препараттары, метотрексат, цитостатиктер, циклоспорин- уыттылығын арттырады. • Мифепристон- тиімділігін азайтады. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдауды мифепристонды тоқтатқаннан кейін 8- 12 күннен ерте бастамау керек.• Антикоагулянттар немесе кортикостероидтар- қан кету қаупінің жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Айқын бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген. Креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен ауыр емес бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге кетопрофен дозасын төмендету керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айқын бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген. Бауырдың созылмалы ауруы бар пациенттерге (қан сарысуындағы альбумин деңгейінің төмендеуі) кетопрофен дозасын төмендету керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы, диспепсия, қан кетумен асқынатын пептиттік ойылулардың түзілуі, фатальді бауыр қызметінің бұзылуына дейін (трансминаза деңгейі жоғарылауы мүмкін), сонымен қатар сарғаю, гепатит; бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, қозу, ашушаңдық, депрессия, астения, шаршағыштық, құлақтағы шуыл, көрудің бұлыңғырлануы, артериялық қысымның жоғарылауы, ісіну синдромы, тері бөртпесі (соның ішінде, эритематоздық), есекжем, терінің қышуы, тер бөлінудің күшеюі.Сирек: дәм сезудің өзгеруі, шөлдеу, сананың шатасуы немесе естен тану, жадының нашарлауы, бас сақинасы, шеткергі нейропатия, парестезиялар, конъюнктивит, көздің шырышты қабығының құрғауы, көздің ауыруы, конъюнктива гиперемиясы, естудің нашарлауы, стоматит, метеоризм, іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, тахикардия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, лейкопения, агранулоцитоз, анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, пурпура, ринит, фарингит, диспноэ, қан түкіру, бронх түйілуі, демікпе ұстамасы болуы ықтимал, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.