M01AE01 Ибупрофен¹ (Ibuprofen)
Қолдану көрсеткіштері
Ревматизмдік аурулар кезінде қабыну мен ауырсыну (сонымен қатар ювенильді идиопатикалық артрит) және де басқа қаңқа-бұлшық ет бұзылыстарында; қарқындылығы жеңіл және орташа аурулар, дисменореяня қоса; отадан кейінгі ауруды басуда; бас сақинасы; тіс ауруы; балаларда жайсыздық және ауырсынумен қызба; систематикалық идиопатикалық артритті қабынуда және ауырсынуда; балаларда иммунизациядан кейінгі гипертермияда.
Қарсы көрсеткіштері
Ибупрофенге немесе оның компонентеріне асқын сезімталдық; анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да СЕҚҚП көтере алмаушылық; анамнезінде асқазан-ішек жолдарында қан кету немесе ойық жаралы ауруларды есепке ала отырып, пептикалық ойық жара/қан кетуде; емдеу кезінде бұрын СЕҚҚП қолданылғанға байланысты анамнезде болған перфорациялар немесе асқазан-ішектен қан кетуде.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Қауіпсіздік шаралары
Аллергиялық аурулар (ересектерде); бронхиалды астма; жүрек жеткіліксіздігі және/ немесе гипертониямен пациенттер; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериальды гипертензия; жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлы аурулар; қан ұюында ақауы бар науқастар; дәнекер тіндерінің ауруы; ойық жаралы колит; Крон ауруы; егде жастағы науқастарда жағымсыз реакциялар жиілігі жоғары болуы байқалған, кейбір жағдайларда өлімге алып келуі мүмкін; жүрек жеткіліксіздігі; жүректің ишемиялық аурулары; перифериялық артериялардың ауруы; кардиоваскулярлы ауру факторларының қаупі; жиі анальгетиктерді қабылдау әдеті, әсіресе ауруды басатын бірнеше дәрілік заттардың біріктірілімі кезінде бүйрек қызметінің бұзылуына, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына соқтырады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қабынуға қарсы стероидты емес заттарды (ҚҚСЕЗ) қараңыз
Бүйрек жеткіліксіздігі
Мүмкіндігінше қолданбаған немесе сақтықпен қолданған жөн; бүйрек қызметінің бұзылуларында ең кіші әсерге дейін қысқа мерзімге қолданылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бұзылыстарында ұсынылмайды; бауыр қызметінің бұзылыстары бар пациенттерде доза азайтылуы тиіс.
Жүктілік
Жүктілікте (ІІІ триместр) қарсы көрсетілген. Препаратты жүктіліктің І-ІІ триместрінде қолданбаған жөн, қажет болған жағдайда дәрігердің кеңесімен қабылдау.
Емізу
ҰсынылмайдыБала емізу кезінде препарат ана сүтіне көп мөлшерде енбесе де сақтықпен қолданған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: альвеолит, асептикалық менингит, бауырдың зақымдануы, интерстициалды нефрит, панкреатит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллонекроз, өкпелік эозинофилия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эмидермалды некроз, көрудің бұзылуы.Жиілігі бегісіз: ангиодема, қан көрінісінің өзгеруі (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз), бронхоспазм, Крон ауруы және колиттің нашарлауы; депрессия, диарея, бас айналу, ұйқышылдық, сұйықтықтың ұсталуы, асқазан- ішек жолдарынан қан кету немесе ойық жаралар/перфорациялар, гематурия, бас ауру, естудің бұзылуы; жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (тахикардия, тыныс жолдары жұтқыншақтың кебуі, тіл, беттің ісінуі), ұйқысыздық, жүрек айну, невроздық, гипертония, тері бөртпелері, бүйрек жеткіліксіздігі, құлақтағы шуыл.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін. Таблетканы шайнамай, бүтіндей жұту, сумен ішу.12 жастан асқан балалар 1 таблеткадан (200 мг) тәулігіне 3 ретке дейін.12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Артерия түтігінің жабылуы. Көктамыр ішіне. Жаңа туылған нәрестелер. Бастапқы доза 1 доза үшін 10 мг / кг құрайды, содан кейін 2 дозада әр 24 сағат сайын 5 мг / кг құрайды, қажет болған жағдайда курсты 48 сағаттан кейін қайталауға болады.Жеңілден орташа ауырсыну. Жұмсақ тіндердің жарақаттарының ауыруы және қабынуы. Қолайсыздықпен пирексия. Ішке. 1-2 айлық балалар күніне 3-4 рет 5 мг / кг.3-5 айлық балалар күніне 3 рет 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне максимум 30 мг / кг. 6–11 айлық балалар үшін күніне 3-4 рет 50 мг, ең көп тәуліктік доза 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне максимум 30 мг / кг. 1-3 жас аралығындағы балалар күніне 3 рет 100 мг, ең көп тәуліктік доза 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне максимум 30 мг / кг. 4-6 жас аралығындағы балалар үшін күніне 3 рет 150 мг, ең көп тәуліктік доза 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне максимум 30 мг / кг. 7–9 жастағы балалар күніне 3 рет 200 мг, ең жоғары тәуліктік дозасы 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне ең жоғары 30 мг / кг; тәулігіне максимум 2,4 г. 10-11 жастағы балалар. Тәулігіне 3 рет 300 мг, ең көп тәуліктік доза 3-4 дозада тағайындалады; тәулігіне ең жоғары 30 мг / кг; тәулігіне максимум 2,4 г. 12-17 жастағы балалар: бастапқы дозасы күніне 3-4 рет 300-400 мг; қажет болған жағдайда күніне 4 рет 600 мг дейін жоғарылайды; тәулігіне 3 рет 200-400 мг дозада.Ревматикалық аурулардағы ауырсыну және қабыну, соның ішінде кәмелетке толмаған идиопатикалық артрит. Ішке. 3 айдан 17 жасқа дейінгі балалар күніне 3-4 дозада 30-40 мг / кг; тәулігіне максимум 2,4 г.Жүйелі жасөспірімдер идиопатикалық артритіндегі ауырсыну және қабыну. Ішке. 3 айдан 17 жасқа дейінгі балалар күніне 4-6 дозада күніне 60 мг / кг дейін; тәулігіне максимум 2,4 г.Нәрестелердегі иммунизациядан кейінгі гипертермия (тек дәрігердің ұсынысы бойынша). Ішке. 2-3 айлық балалар үшін 1 дозада 50 мг, қажет болған жағдайда 6 сағаттан кейін 50 мг.