L03AA02 Филграстим¹ (Filgrastim)
Қолдану көрсеткіштері
Қатерлі ісікке қарсы цитоуытты химиотерапия алатын пациенттердегі фебрильді нейтропения пайда болу жиілігін және нейтропения ұзақтығын қысқарту (созылмалы миелолейкоз және миелодиспластикалық синдромды қоспағанда), сонымен қатар ұзақ ауыр нейтропения қаупі жоғарылауының факторы болып есептелетін, миелоаблативті ем қабылдайтын және одан кейінгі сүйек кемігін трансплантациясын жүргізетін пациенттердегі нейтропения ұзақтығын қысқарту.
-
Клинические протоколы:
- Хронический гепатит В у взрослых
- Хронический вирусный гепатит С у взрослых
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Цирроз печени у взрослых
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Ювенильный дерматомиозит
- Рак желудка
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
- Рак предстательной железы
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Опухоли средостения
- Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
- Рак губы
- Рак легкого
- Почечно-клеточный рак
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген басқа да қосымша заттарға жоғары сезімталдық, миелодиспластикалық синдром (МДС) және созылмалы миелолейкоз, тұқым қуалайтын фруктозаны көтереалмаушылық (құрамында сорбитол бар).
Қауіпсіздік шаралары
Цитоуытты химиотерапияның бекітілген дозалау режимінен тыс дозасын жоғарылату үшін, сонымен қатар лейкемия дамыған немесе лейкемия дамуының симптомдары бар, туа біткен ауыр нейтропениясы бар пациенттерге пайдаланбау. Иықтың шеті және/немесе іштің сол жақ жоғары бөлігінің ауыруына шағымданатын пациенттер, көкбауырдың ұлғаюына немесе көкбауырдың жарылуына тексерілуі тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
5-фторурацил - нейтропения ауырлығының күшеюі. Литий - филграстим әсерінің күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету қажет емес.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, ұйқысыздық, жөтел, ауыз жұтқыншақтың ауырсынуы, диспноэ, назальді симптомдар, өкпе ісінуі, жүрек айнуы, құсу, іштің ауырсынуы және шаншуы, диарея, бөртпе, алопеция, артралгия, бұлшықеттік бұзылыстар, бұлшықет– қаңқалық ауырсыну.Жиі емес: нейтропения және анемия, тромбоцитопения, бауырлық ферменттер белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы.Сирек: панкреатит, сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, гепатит, ангионевротикалық ісіну, Свит синдромы, рабдомиолиз.Өте сирек: перифериялық нейропатия (немесе парестезия), сүйек кемігінің эритроидты өсіндісінің аплазиясы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балаларға арналған дозалануы бойынша ұсыныстар, миелосупрессивті цитоуытты химиятерапия алатын ересектердегіндей жүргізіледі. Балаларды препаратпен ары қарай емдеудің деректер мөлшері жеткіліксіз.