L02BX02 Дегареликс¹ (Degarelix)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек ерлердегі қуықасты безінің жайылған гормонға тәуелді обыры.Клиникалық хаттама:   1. Қуықасты безінің обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Дегареликске немесе кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзаққа созылатын андрогендік депривациялық ем QT аралығының ұзаруына, инсульт және миокард инфарктісінің дамуына алып келуі мүмкін. Диабет кезінде өршу немесе даму қаупінің болуына байланысты қант диабетімен зардап шегетін пациенттерде қандағы глюкоза деңгейіне жиірек мониторинг жүргізу қажет. Көлік құралын немесе басқа қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

QTc аралығын ұзартатын заттар (І А және III тобы аритмияға қарсы дәрілері)- иірме жіп тәрізді қарыншалық тахикардияны индукциялайды немесе QTc аралығын ұзартуы мүмкін. САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНУ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр жеткіліксіздік жағдайында сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр жеткіліксіздік жағдайында сақтықпен қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: құйылулар, инъекция орнында реакция.Жиі: анемия, дене салмағының артуы, бас айналуы, бас ауруы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, диарея, бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, гипергидроз, бөртпе, сүйек-бұлшықеттің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, гинекомастия, эректильді дисфункция, аталық бездердің атрофиясы, қалтырау, қызба, жоғары шаршағыштық , тұмауға ұқсас жай-күй.Сирек: жоғары сезімталдық, гипергликемия, қант диабеті, холестерин деңгейінің жоғарылауы, тәбеттің төмендеуі, депрессия, мазасыздану, құлақтағы шуыл, либидоның төмендеуі, гипоэстезия, көру өткірлігінің төмендеуі, жүректің қағуы, аритмиялар, соның ішінде жүрекшелердің жыбырлауы, QT интервалының ұзаруы, І дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, артериялық гипертензия, көктамырлардың варикозды кеңеюі, тамырлық синкопе, ентігу, жөтел, ауыздың құрғауы, құсу, іш аймағының жайсыздығы, іш қатуы, билирубин, сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, бөртпе, қышыну, есекжем, алопеция, эритема, тері гиперпигментациясы, тырнақтардың жұмсаруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттік спазмдар, ісіну және буындар қозғалысының қиындауы, артралгия, остеопороз, остеопения, шұғыл зәр шығару қажеттігі, поллакиурия, дизурия, никтурия, зәр ұстамауы, бүйрек функциясының бұзылысы, тестикулярлы ауырсыну, жамбастың ауыруы, жыныс мүшелері аймағының тітіркенуі, эякуляция бұзылыстары, қуық асты безінің ауыруы, простатит, перифериялық ісінулер.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.