L02BG06 Эксеместан (Exemestane)
Қолдану көрсеткіштері
Тамоксифенмен бастапқы адъювантты емдеуден кейін 2 - 3 жылдан соң, эстрогеннің оң рецепторларымен постменопаузадағы әйелдерде сүт бездерінің инвазивті обырын адъювантты емдеуде;Табиғи немесе индуцирленген постменопаузадағы, анти-эстроген емінен кейін ауруы үдеген әйелдерде сүт бездері обырының таралған түрін емдеуде.
-
Клинические протоколы:
- Рак молочной железы
Қарсы көрсеткіштері
Эксеместан немесе препараттың кез келген басқа да компонентіне жоғары сезімталдық; пременопауза.
Қауіпсіздік шаралары
Эксеместан эстроген деңгейін төмендететін күшті зат болып табылатындықтан, препаратты қабылдау барысында сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі және салдары ретінде сынудың жоғары ықтималдығы байқалуы мүмкін. Эксеместанмен адъювантты емдеу кезінде остеопорозы немесе остеопороздың ерте даму қаупі бар әйелдер емдеудің басында денситометрия арқылы жүргізілетін сүйек тіні минералдық тығыздығын бағалауынан өтуі тиіс. Эксеместанды қабылдаудан туындаған сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуін емдеу үшін емнің тиімділігін дәлелдейтін деректер жеткілікті болмауына қарамастан, қатер тобындағы емделушілерге остеопорозға ем тағайындаған жөн. Автомобильді басқару немесе техниканы пайдалану кезінде сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Құрысуға қарсы препараттар (мысалы, фенитоин және карбамазепин) Эксеместан тиімділігінің төмендетеді; Эксеместанды құрамында эстроген бар, оның фармакологиялық әсерін бәсеңдетуге қабілетті дәрілік заттармен бірге қабылдамаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес, бірақ сақтықпен қолданған жөн.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес, бірақ сақтықпен қолданған жөн.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жүрек айну,ұйқысыздық, жоғары қажығыштық, бас ауыру, ысынулар, тершеңдік,буын және қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, лимфоцитопения;Жиі: анорексия, іш ұсының ауыруы, құсу, іш қату, диспепсия, диарея,депрессия, остеоартрит, арқаның ауыруы, артрит, миалгия және буындардың сіресуі, бас айналу, білезік синдромы, бөртпе, алопеция, остеопороз, сынулар, орны анықталмаған ауыру, шеткергі ісінулер немесе аяқтың ісінуі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейн қарсы көрсетілген.