L02BG03 Анастрозол¹ (Anastrozole)
Қолдану көрсеткіштері
Эстрогендер рецепторларына теріс нәтижелі тест және тамоксифенге алдыңғы клиникалық оң жауап кезінде әйелдерде постменапаузада таралған сүт безі қатерлі ісігін емдеу.Постменопаузадағы әйелдердің ерте гормон-оң сүт безі қатерлі ісігінің адъювантты терапиясы ретінде.Тамоксифенмен 2-3 жыл бойы терапиядан кейін әйелдердің постменопаузада ерте гормон-оң сүт безі қатерлі ісігінің адъювантты терапиясы ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Злокачественные неоплазии тела матки
Қарсы көрсеткіштері
Анастрозолға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық; пременопауза кезеңі; экстрогенқұрамды дәрілік заттар қабылдайтын пациенттер; тамоксифенмен қатар емдеу.
Қауіпсіздік шаралары
Егер науқастың гормональды жағдайын клиникалық әдістердің көмегімен анықтау мүмкін емес болса, менопаузаның басталуын биохимиялық талдаумен дәлелдеу керек.Остеопороз немесе осы аурудың даму қаупі бар науқастарда сүйек тығыздығын денситометрия әдісімен емнің алдында немесе кейін тұрақты аралықта бақылау қажет. Қажет болған жағдайда дәрігердің бақылауымен алдын алу және адъювантты терапия жүргізіледі. Лютеиндеуші рилизинг-гормонының аналогтарымен бір мезгілде қабылдау туралы мәліметтер жоқ, сондықтан, осы кешенді шектеу қажет.Емдеу кезінде метроррагия сақталған жағдайда гинекологтың кеңесіне жүгіну қажет. Препараттың құрамында лактозаның болуына байланысты, сирек туа біткен галактоза төзімсіздігі, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді жүргізуден бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тамоксифен, эстроген - анастрозолдың терапевтикалық әсерін төмендетеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 20 мл/ мин төмен болғанда қабылдамау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың салыстырмалы және айқын бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қолдануға болмайды.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: «құйылулар», бас ауыруы, астения, ұйқышылдық;АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, анорексия, диарея, құсу;Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары: артралгия, остеопороз және сүйек сынулары, артрит, білезік каналының синдромы, сүйектердің ауруы, миалгия, сирек шақпақты саусақ синдромы;Қан көрсеткіштерінің өзгерістері: гиперхолестеринемия, сілтілік фосфотаза, бауырлық трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, сирек гиперкальциемия, гамма-ГT және билирубин концентрациясының жоғарылауы;Аллергиялық реакциялар: жиі тері бөртпесі, есекжем, мультиформалық эритема, анафилактоидтық реакциялар, тері васкулиті, сирек Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі;Басқа: қынаптың құрғауы, қынаптан қан кету, шаштың түсуі/жұқаруы, гепатит.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген