L02AE01 Бусерелин (Buserelin)

Қолдану көрсеткіштері

Қуық асты безінің гормонға тәуелді ісігі, сүт безі ісігі,  эндометриоз (операция алды және операциядан кейінгі кезеңдері), жатыр миомасы, эндометрийдің гиперплазиялық процестері, бедеулікті емдеу (экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасын жүргізу кезінде (ЭКҰ)). 
    Клинические протоколы:
  1. Дисфункция яичников
  2. Синдром предменструального напряжения
  3. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Әйелдерде емнің бастапқы кезеңінде аналық без кистасының дамуы мүмкін. Препаратпен емдеуге дейін жүктілікті болдырмау және гормондық контрацептивтерді қабылдауды тоқтату ұсынылады, бірақ препаратты қабылдаудың алғашқы екі айында басқа (гормондық емес) контрацепция әдістерін қолдану қажет.Ерлерде препарат әсерінің бірінші фазасында ықтимал жанама әсерлердің тиімді алдын алу мақсатында бусерелиннің бірінші инъекциясына дейін 2 апта бұрын және бірінші инъекциядан кейін 2 апта бойы антиандрогендерді қолдану қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жыныс гормондарынан тұратын препараттар- жыныс бездері гиперстимуляциясының пайда болу мүмкіндігі. Гипогликемиялық заттар- бұл препараттар тиімділігің төмендеуі.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Есекжем, тері гиперемиясы, сирек ангионевротикалық ісіну, көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ұйқының бұзылуы, депрессия, бас ауыруы; ұзақ уақыт қолданғанда сүйектер деминерализациясы, бұл остеопороз даму қаупі болып табылады. Әйелдерде: бас ауыруы, депрессия, тершеңдік және либидо өзгерісі, қынаптың шырышты қабатының құрғауы, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы; сирек менструацияға ұқсас қан кету.Ерлерде: қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеуде бірінші инъекциядан кейін алғашқы 2-3 аптада негізгі аурудың асқынуы немесе үдеуі мүмкін, бұл гонадотропиндердің және сәйкесінше, тестостерон синтезінің ынталандырумен байланысты, қанда андрогендер концентрациясының уақытша жоғарылауы, зәр шығару кідірісі, «бүйректік» ісінулер - бет, қабақ, аяқтардың ісінуі; аяқтар бұлшықетінің әлсіздігі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.