L01XX43 Висмодегиб (Vismodegib)

Қолдану көрсеткіштері

Хирургиялық емдеу мақсатқа сай болмағанда ересектердегі метастаздық немесе жергілікті таралған базальді жасушалық карциномада.Клиникалық хаттама:   1. Тері обыры
    Клинические протоколы:
  1. Рак кожи

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 7 ай аралығында және терапия кезінде қан препараттарынан немесе қан донорлығынан бас тарта тұру қажет. Автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген, ұрықтың өлімін немесе туа біткен ауыр ақаулар тудыруы мүмкін. Әйелдерге және ерлерге де, емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 7 ай аралығында контрацепция әдістерін қолдану ұсынылады. Фертильділікті қайтымсыз жоғалту дамуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Қолдану қажет болған жағдайда емдеу кезінде және препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 7 ай аралығында бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: алопеция, терілік қышыну, терілік бөртпе, дәм сезудің бұзылысы, дәм сезудің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы, диспепсиялық бұзылыстар, бұлшықет түйілулері, артралгия, аяқ- қолдың ауырсынулары, аменорея, салмақтың төмендеуі, шаршағыштық.Жиі: дегидратация, гипонатриемия, гипогевзия, іштің ауырсынуы, эпигастр аумағының ауырсынуы, қас және/ немесе кірпіктердің түсуі, шаштардың аномальді өсуі, бел ауыруы, бұлшықет- қаңқа ауырсынулары (соның ішінде кеуде қуысындағы), бұлшықет ауырсынулары, астения, бауырлық ферменттер деңгейінің жоғарылауы.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.