L01XE07 Лапатиниб¹ (Lapatinib)
Қолдану көрсеткіштері
Бастапқыда метастаздық жағдайды антрациклиндермен, таксандармен және трастузумабпен ем қабылдағанда ауруы өршіген науқастардағы ErbB2 (HER2/neu) гиперэкспрессиясы бар сүт безінің таралған немесе метастаздық ісігінде капецитабинмен біріктірілген ем құрамында;Бастапқыда трастузумабпен емдеуден ауру өршігенде ErbB2 (HER2/neu) ісігі рецепторларының гиперэкспрессиясы бар сүт безінің гормональді негативті метастаздық обырын трастузумабпен және химиялық еммен біріктіріп емдеу;Постменопауза кезеңіндегі, химиялық ем қабылдамаған әйелдерде ErbB2 (HER2) ісігі рецепторларының гиперэкспрессиясы бар сүт безінің гормональді позитивті обырын ароматаза тежегіштерімен біріктіріп емдеу. Клиникалық хаттама: 1. Сүт безі обыры 2. Көкірекортаның обыры
-
Клинические протоколы:
- Рак молочной железы
- Опухоли средостения
Қарсы көрсеткіштері
Лапатинибке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сақтықпен қолдану:- сол жақ қарынша жеткіліксіздігіне әкеп соқтыруы мүмкін жағдайлар;- бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылулары (Чайлд-Пью индексі 7 және одан жоғары).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр дәрежелі дисфункцисы бар пациенттерге препараттарды қолданғанда сақ болған жөн.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауырлық дәрежесі орта және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер лапатинибті қабылдағанда, лапатиниб экспозициясының артуына және пациенттердің осы тобында дозаны түзету үшін деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, сақ болғаны жөн. Бауыр қызметінің бұзылуы елеулі (Чайлд-Пью С индексі) болатын пациенттерде лапатинибпен емдеуді, әрі қарай қабылдауды қайта жаңғыртпай, тоқтату қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: анорексия, диарея, ол дегидратацияға әкеп соғуы мүмкін (1-2 дәрежелі диареяда жиі), жүрек айнуы, құсу, бөртпе (акне түріндегі дерматитті қоса), құйылулар, әлсіздік, қажу.Жиі: сол жақ қарыншадан қанның айдалу фракциясының төмендеуі, ісікке қарсы басқа да препараттармен біріктіріп қабылдағанда пациенттерде диспноэ, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуының сезілуі, тырнақ пластинасының бұзылуы, паронихияны қоса.Жиі емес: өкпенің интерстициальді аурулары, пневмонит, гипербилирубинемия.Сирек: асқын сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық реакцияларды қоса.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.