L01EX02 Сорафениб¹ (Sorafenib)

Қолдану көрсеткіштері

Метастаздық бүйрек-жасушалық обыр, гепатоцеллюлярлы карцинома, радиоактивті йодқа рефрактерлі, жергілікті таралған немесе метастаздық дифференциацияланған қалқанша безі обыры.

    Клинические протоколы:
  1. Гепатоцеллюлярная карцинома
  2. Цирроз печени у взрослых
  3. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  4. Саркомы мягких тканей
  5. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Сорафенибке немесе препарат компонентінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Сорафенибпен ем жүргізу кезінде шеткергі қан көрсеткіштерін жүйелі бақылау керек (лейкоцитарлы формула және тромбоциттерді қоса). Сорафениб қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 белсенділігін және/немесе глюкоронидизацияны индукциялайтын препараттар (мысалы, шәйқурай шөбінің экстракты, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал және дексаметазон) - сорафениб метаболизмінің артуы, оның ағзадағы концентрациясының төмендеуі.Доцетаксел - бірге тағайындағанда сақтық таныту.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, ұйқышылдық; жөтел, мұрын симптомдары; жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе шаншуы, диарея; бөртпе, алопеция. Жиі емес: нейтропения және анемия, тромбоцитопения; бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы. Сирек: панкреатит, сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, гепатит; ангионевротикалық ісіну, буллездік жағдайлар, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса (кейбір жағдайларда өлімге алып келетін жағдайлар).Өте сирек: шеткергі нейропатия (немесе парестезия); сүйек кемігі өсінділерінің эритроидты аплазиясы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.