A02BC02 Пантопразол¹ (Pantoprazole)
Қолдану көрсеткіштері
Рефлюкс-эзофагит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы, антибактериялық препараттармен біріктірілімде Helicobacter pylori эрадикациясы, Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық асқазан гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайлар.
-
Клинические протоколы:
- Иерсиниоз
- Ботулизм
- Псевдотуберкулез
- Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз органов брюшной полости)
- Альвеококкоз печени
- Листериоз
- Паротитная инфекция
- Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перикардиты у детей
- Перипортальная кардиомиопатия
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Панникулиты
- Абсцесс печени
- Аутоимунный гепатит
- Ахалазия кардии
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
- Дивертикул пищевода
- Кишечный свищ
- Механическая желтуха
- Невирусные гепатиты (аутоиммунный гепатит)
- Неязвенные колиты у детей (ишемический колит)
- Острая мезентериальная ишемия
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Холецистит у детей
- Хронический гастрит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Цирроз печени у взрослых
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Трансплантация почки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Абдоминальная травма
- Инородное тело пищевода
- Инородное тело пищевода у детей
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Менингококковая инфекция
- Гастродуоденальное кровотечение
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Пантопразолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Пантопразол асқазанның қатерлі жаңа түзілімдерінің симптомдарын жасыруы және диагностиканы кешіктіруі мүмкін. Ұзақ мерзімді емдеу қажет етілетін Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекреторлы жай-күйі бар пациенттерде пантопразол гипо- немесе ахлогидрия нәтижесінде В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Әдетте Salmonella, Campylobacter немесе C.difficile сияқты асқазан-ішек жолдарында болатын асқазан бактериялары санының аздап артуы мүмкін. Протонды помпа тежегіштері, әсіресе жоғары дозада және ұзақ мерзімді қолданғанда (1 жылдан астам), жамбас, білек және омыртқа сыну қаупін бірнеше арттыруы мүмкін, негізінде егде жастағы адамдарда немесе басқа қауіп фаторлары болуы кезінде. Өте сирек жағдайларда жеделдеу жүйелі қызыл жегімен байланысты. Бас айналуы және көрудің бұзылуы ықтималдығы себебінен көлік құралын және басқа да жоғары зейінді қажет ететін механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, атаназавир) - олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуі.Кумаринді антикоагулянттар (варфарин немесе фенпрокумон) - өмірге қауіпті патологиялық қан кетулердің дамуы, ХҚҚ және протромбиндік уақытты бақылау керек.Метотрексат - қандағы метотрексат деңгейінің жоғарылауы.CYP2C19 тежегіштері - пантопразолдың жүйелік әсерінің жоғарылауы.CYP2C19 және CYP3A4 индукторлары (мысалы, рифампицин және шайқурай) - қан плазмасында пантопразол концентрациясының төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында препараттың тәуліктік дозасы 20 мг аспауы тиіс. Препаратты ұзақ уақыт қабылдау кезінде бауыр ферменттерінің деңгейін бақылау. Бауыр қызметінің орташа және ауыр бұзылыстары бар пациенттерде Helicobacter pylorі эрадикациясы үшін пантопразолды біріктірілген емде қолданбау.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, абдоминальді ауыру және жайсыздық, диарея, іш қатуы, тері бөртпесі, қышыну, экзантема, астения, шаршағыштық және әлсіздік, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (трансаминаза, g-GT), ұйқының бұзылуы.Сирек: агранулоцитоз, аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар және анафилактикалық шокты қоса), гиперлипидемия, триглицеридтер, холестерин деңгейінің жоғарылауы, билирубин құрамының жоғарылауы, салмақтың өзгеруі, дәм сезудің бұзылуы, депрессия (және барлық тиісті асқынулар), көрудің бұзылуы/көрудің бұлыңғырлануы, есекжем, ангионевроздық ісіну, артралгия, миалгия, гинекомастия, дене температурасының жоғарылауы, шеткергі ісінулер.Өте сирек: тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения, бағыттан адасу (және барлық тиісті асқынулар), гипонатриемия, гипомагниемия, елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе бұл жай-күйге бейім науқастарда, сондай-ақ, егер олар емдеуді бастағанға дейін болса, бұл симптомдардың нашарлауы), гепатоцеллюлярлы зақымданулар, сарғаю, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, экссудативті көп түрлі эритема, жарыққа сезімталдық, интерстициальді нефрит.
Балаларда қолданылуы
Ішке. Рефлюкс-эзофагит, 12 жастан асқан балалар: күніне 40 мг, қажет болған жағдайда дозаны күніне 80 мг дейін арттыруға болады. Ұсынылатын емдеу курсы 4 апта, қажет болған жағдайда емдеуді тағы 4 аптаға дейін ұзартуға болады. 12 жастан бастап рефлюкс-эзофагитті қоспағанда, 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.