L01CD02 Доцетаксел¹ (Docetaxel)
Қолдану көрсеткіштері
Циклофосфамид және доксорубицинмен біріктірілімінде, лимфалық түйіндері зақымданған және зақымданбаған операбельді сүт безінің обырын емдеу.Доксорубицинмен біріктірілімінде, жергілікті-таралған немесе метастаздық сүт безі обырының алғашқы химиотерапиясына арналған.Монотерапияда, алкилденген препараттармен немесе антрациклинмен тиімсіз цитоуытты емнен кейін, жергілікті-жайылған немесе метастаздық сүт безі обырының алғашқы химиотерапиясы үшін.Трастузумабпен біріктірілімінде, НЕR-2 экспрессиясы жоғары метастаздық сүт безі обырының алғашқы химиялық еміне арналған.Капецитабинмен біріктірілімінде, антрациклинмен тиімсіз цитоуытты емнен кейін, жергілікті-таралған немесе метастаздық сүт безінің обырын емдеу.Бұдан бұрынғы тиімсіз химиялық емнен кейін, жергілікті-таралған немесе метастаздық өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын емдеу.Цисплатинмен біріктірілімінде, операбельді емес жергілікті-таралған немесе метастаздық өкпенің ұсақ жасушалы емес обырының алғашқы химиялық еміне арналған.Преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімінде, гормонға төзімді метастаздық қуық асты безінің обырын емдеуге арналған.Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімінде, метастаздық асқазанның аденокарциномасының, соның ішінде гастро-эзофагеальді бөлімінің аденокарциномасының алғашқы химиялық еміне арналған.Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімінде, жергілікті-таралған бас пен мойынның жалпақжасушалы обырының бастапқы еміне арналған.Клиникалық хаттама: 1. Қуықасты безінің обыры 2. Жатыр мойны обыры 3. Қуықасты безінің обыры 4. Асқазан обыры 5. Өңеш обыры 6. Қалқанша безінің қатерлі ісіктері 7. Көмей жұтқыншағының қатерлі ісіктері 8. Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері 9. Көмейдің қатерлі ісіктері 10. Торлы сүйек жасушаларының, мұрын қуысының және қосалқы қуысының қатерлі ісіктері 11. Ауыз жұтқыншағының қатерлі ісіктері 12. Мұрын жұтқыншағының қатерлі ісіктері 13. Ауыз қуысының қатерлі ісіктері 14. Жатыр денесінің қатерлі неоплазиясы 15. Сүйектің шекаралық және қатерлі ісіктері 16. Жұмсақ тіндердің саркомасы 17. Еріннің обыры 18. Өкпенің обыры
-
Клинические протоколы:
- Рак предстательной железы
- Рак шейки матки
- Рак предстательной железы
- Рак желудка
- Рак пищевода
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Саркомы мягких тканей
- Рак губы
- Рак легкого
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; нейтрофилдердің бастапқы деңгейі < 1.500 жасуша/мм3 болатын науқастар.
Қауіпсіздік шаралары
Жоғары сезімталдық реакцияларының алдын алу үшін, сондай-ақ сұйықтықтың іркілуін төмендету мақсатында барлық науқастарға доцетакселді енгізбес бұрын глюкокортикоидтармен премедикация жүргізу. Барлық науқастарға үнемі шеткергі қан көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, және жүрек қызметін бақылау керек. Респираторлы бұзылыстар немесе жалғасқан десквамациясы бар тері бөртпелері пайда болған жағдайда препаратты тоқтату. Шеткергі ауыр нейроуыттылық дамыған кезде дозаны төмендету. Кистоздық макула ісінуі кезінде препаратты қолданбау. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, ритонавир, вориконазол) - доцетаксел метаболизмі бәсеңдейді, доцетаксел дозасын 50% төмендету ұсынылады. Иммунодепрессанттар (азатиоприн, меркаптопурин, такролимус, хлорамбуцил, глюкокортикоидтар, циклоспорин, циклофосфамид) - инфекциялық асқынулардың пайда болу қаупі артады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметі көрсеткіштерін есепке ала отырып қолдану. Ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қолданбау! Емдеу кезінде және одан кейін 6 ай ішінде әйелдер мен ерлерге сенімді контрацепцияның тәсілдерін пайдалану керек.
Емізу
Қолдану қажет болған жағдайда, бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Цитоуытты дәрілік заттардың жалпы жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.