L01CA04 Винорелбин¹ (Vinorelbine)

Қолдану көрсеткіштері

Үдемелі сүт безі ісігі, ұсақ жасушалы емес өкпе ісігі.Клиникалық хаттама:   1. Өкпе обыры   2. Жатыр мойны обыры    3. Көмей жұтқыншағының қатерлі ісіктері    4. Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері    5. Сарпайдың обыры    6. Көмейдің қатерлі ісіктері    7. Торлы сүйек жасушаларының, мұрын қуысының және қосалқы қуысының қатерлі ісіктері    8. Ауыз жұтқыншағының қатерлі ісіктері    9. Ауыз қуысының қатерлі ісіктері    10. Жұмсақ тіндердің саркомасы
    Клинические протоколы:
  1. Рак легкого
  2. Рак шейки матки
  3. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  4. Злокачественные новообразования слюнных желез
  5. Рак вульвы
  6. Злокачественные новообразования гортани
  7. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  8. Злокачественные новообразования ротоглотки
  9. Злокачественные новообразования полости рта
  10. Саркомы мягких тканей

Қарсы көрсеткіштері

Винорелбинге немесе винкаалкалоидтар тобының кез келген басқа препараттарына жоғары сезімталдық, айқын нейтропения  (бастапқы нейтрофилдер саны  < 1500 жасушалар/мм3 қанда) және тромбоцитопения (тромбоциттер саны < 100000 жасушалар/мм3 қанда), ем бастау уақытындағы немесе соңғы 2 апта ішінде болған ауыр инфекциялық аурулар.Маңызды! Интратекальді енгізу қарсы көрсетілген.

Қауіпсіздік шаралары

Қолдану кезінде сақ болу керек. Препарат ерітіндісі тітіркендіргіш әсер көрсетеді, жанасқан кезде тері, шырышты қабат немесе көздерге зиян келтіруі мүмкін. Зақымдалған капсуланы қолдану ұсынылмайды, капсуланы талапқа сай жою үшін дәріханаға немесе дәрігерге қайтару қажет. Препаратты қабылдағаннан кейін құсу орын алған жағдайда оны қабылдауды доғару керек. Міндетті түрде толық гематологиялық бақылау жүргізу керек: әр кезекті инъекция немесе ішке қабылдау алдында гемоглобин деңгейін, лейкоциттер, нейтрофильдер және эритроциттер санын анықтау.Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде препаратты тағайындағанда ерекше сақтық шараларын сақтау тиіс. Автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Сары қызбаға қарсы вакцина, гепатитке қарсы вакцина- бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Фенитоин - тырысулардың асқыну қаупі. К дәруменінің антагонистері - ісік кезінде тромбоз және қан құйылулар даму қаупі. Кларитромицин, эритромицин, телитромицин - уыттылық қаупі. Кобицистат - антимитотикалық заттардың нейроуыттылығының артуы. Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус, такролимус) - лимфопролиферация қаупімен иммунитет жеткіліксіздігінің  жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.    

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр түрінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай аралығында әйелдерге және ерлерге де контрацепция әдістерін қолдану ұсынылады.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Цитоуытты дәрілік заттардың ортақ жағымсыз әсерлері:Экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.