L01BC03 Тегафур¹ (Tegafur)

Қолдану көрсеткіштері

Тоқ және тік ішектің ісігі, асқазан ісігі, сүт безінің ісігі, диффузды нейродермит, тері лимфомасы.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық; аурудың терминальді сатысында; асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында; жедел ағымды профуздық қан кетулерде; ауыр инфекцияларда; лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения және анемия (гемоглобин деңгейі 30 г/л төмен); CYP2D6 изоферментінің жетіспеушілігінде.

Қауіпсіздік шаралары

Қан көрінісін үнемі бақылап отыру қажет. Препаратты ұзақ қолданғанда оның жанама әсерлері күшейеді. Ауыр жанама әсерлер дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Төменде көрсетілген белгілердің біреуі пайда болса препаратты қабылдауда дереу тоқтатады: стоматит, фарингит, эзофагит, қан кету, лейкопения (3 мың/мкл төмен). Қан түзілуге әсері емдеуді тоқтатқаннан соң 8-14 аптадан кейін байқалуы мүмкін. Автокөлікті басқарудан және механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фенитоин - фенитоин әсерінің күшеюі. Цитарабин, диазепам, антрациклинді антибиотиктер- тегафурмен үйлеспейді. Кумарин - антикоагулянтты әсерінің күшеюі, САҚТЫҚПЕН қолдану! Клотримазол, кетоконазол, миконазол -тегафур уыттылығының күшеюі, САҚТЫҚПЕН қолдану!

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметін бақылаумен қолдану, ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін бақылаумен қолдану, ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Қан түзудің тежелуі, лейкопения, тромбоцитопения, анемия, жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея, ішек шаншуы әсіресе емнің басында, стенокардия, соның ішінде тыныш жағдайдағы стенокардия, миокард инфарктісі, жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, қышу, қызару), анафилактикалық шок, организмнің сусыздануы, бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы, атаксия, эйфория, иіс сезудің жоғалуы, дәм сезінің өзгеруі, стоматит, бауыр функциясының бұзылыстары, қышымалы макулопапулезді бөртпелері бар дерматит, шаштың түсуі, тырнақтың зақымдануы, тері құрғауы, диплопия, жастың көп ағуы, көз жасы ағыны жолдарының фиброзы, бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы (АсАТ және АлАТ), фебрильді нейтропения, ойықжаралы эзофагофарингит, дуоденит немесе он екі елі ішектің ойықжарасы, бүйрек қызметінің бұзылуы, лейкоэцефалит симптомдары, интерстициалдық пневмония, асқазан-ішектен қан кету, жедел гепатит, жедел панкреатит.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.