L01AB02 Треосульфан (Treosulfan)

Қарсы көрсеткіштері

Треосульфанға жоғары сезімталдық; айқын миелосупрессия.

Қауіпсіздік шаралары

Инфекциялардың (зеңдік, вирустық, бактериялық) даму қаупі жоғарылайды. Салдарлы ісіктің даму қаупі треосульфанның жинақтық дозасына байланысты. Кардиомиопатия дамуы мүмкін. Аллергиялық альвеолит немесе өкпелік фиброз дамыған жағдайда препаратты енгізуді тоқтату керек.Көлік құралын және  қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ибупрофен, хлорохин – треосульфанмен бірге қабылдаған кезде бұл дәрілік заттардың тиімділігі төмендейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек арқылы шығарылады. Қан көрсеткіштерін бақылау керек, өзгерістер пайда болғанда дозасы түзетілуі тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар  лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия, миелосупрессия.АІЖ тарапынан бұзылыстар: құсу, жүрек айнуыБасқа: алопеция (әдетте жеңіл), терінің қола түсті гиперпигментациясы, екіншілік ісіктер, аллергиялық реакциялар.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.