J07CA02 Күл ауруыны, көкжөтелге, полимиелетке, сіреспеге қарсы вакцина (Diphtheria-pertussis-poliomyelitis-tetanus)
Қолдану көрсеткіштері
Вакцина күл, сіреспе, көкжөтел және полиомиелиттің біріктірілген профилактикасы үшін көрсетілген:
- 2 айдан бастап балаларға алғашқы вакцинация жүргізу үшін;
- 11 айлығында бустерлік вакцинация үшін;
- 6 жастағы бустерлік вакцинация үшін;
- 6 жасында қажетті қорғаныш деңгейі бар жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакцина алмаған 11 және 13 жас аралығындағы балаларда бустерлік вакцинация үшін, және елдегі Ұлттық иммунизациялау нұсқауларына сәйкес.
-
Клинические протоколы:
- Гемолитическая анемия у детей
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- глютаральдегидке, неомицинге, стрептомицинге немесе В полимиксинге аса жоғары сезімталдық (өндіріс процесінде пайдаланылатын және іздік мөлшерлерде болуы мүмкін);
- көкжөтелге (тұтас жасушалы немесе жасушасыз) қарсы вакцинаға аса жоғары сезімталдық;
- ұқсас вакцинаны немесе құрамында осы компоненттер бар вакцинаны бұрын енгізгеннен кейін өмірге қауіп төндіретін реакциялар;
- жедел ауырған немесе дене температурасы жоғарылаған кезде вакцинация кейінге қалдырылуы тиіс;
- үдемелі энцефалопатия;
- құрамында көкжөтел антигендері бар вакцинаның (тұтас жасушалы немесе жасушасыз вакциналар) алдыңғы дозасын енгізгеннен кейін 7 күн ішінде дамыған энцефалопатия.
Қауіпсіздік шаралары
Тамырішілік жолмен енгізбеңіз: иненің қантамырларына түспегеніне көз жеткізу қажет.
Тері ішіне енгізуге болмайды.
Тромбоцитопениясы бар немесе қан ұюының бұзылуы бар адамдарға сақтықпен енгізілуі тиіс, себебі бұлшықет ішіне енгізген кезде осы адамдарда қан кетуі мүмкін.
Вакцинаның иммуногендігі иммуносупрессивті ем жүргізген кезде немесе иммун тапшылығы кезінде төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда вакцинацияны емдеу аяқталғанға дейін кейінге қалдыру ұсынылады.
Вакцинациядан кейін 48 сағат бойы температураны бақылау және 48 сағат ішінде үнемі ыстықты түсіретін шараларды қабылдау аса маңызды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Вакцина может быть введена одновременно с вакциной против кори, краснухи и эпидпаротита или с вакциной против гепатита В, но в разные участки тела.
Данная вакцина может быть использована совместно или в комбинации с конъюгированной вакциной против Haemophilus influenzae type b (Act-Хиб).
Бүйрек жеткіліксіздігі
ақпарат жоқ
Бауыр жеткіліксіздігі
ақпарат жоқ
Жүктілік
Қатысты емес.
Емізу
Қатысты емес.
Жағымсыз әсерлері
Толығырақ ақпарат алу үшін препараттың нұсқауларын қараңыз.
Ең көп таралған реакциялар енгізу орнында жергілікті реакциялар, ретсіз жылау, тәбеттің жоғалуы және ашушаңдық болды. Кейбір реакциялар (миалгия, дімкәстік, бас ауыруы) 2 және одан үлкен жастағы балаларға тән.
Өте жиі:
- тәбеттің жоғалуы
- күйгелектік, ашушаңдық
- ретсіз жылау
- ұйқышылдық
- бас ауыруы
- құсу
- миалгия
- инъекция орнында қызару
- инъекция орнындағы ауырсыну
- инъекция орнындағы ісіну
- қызба ≥38°C
- дімкәстік
Жиі:
- диарея
- инъекция орнындағы тығыздану
Жиі емес:
- ұзақ, қоймастан жылау
- инъекция орнында қызару және ісіну ≥5 см
- қызба ≥39°C
Сирек:
- қызба >40°C
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Алғашқы вакцинация: 2 айлық аралықпен 2 инъекция, бірінші рет 2 айлық жасында, және кейінгісі 4 айлық жасында.
Бустерлік вакцинация: 11 айлық жасында 1 инъекция.
Алғашқы вакцинация үшін және алғашқы бустерлік доза үшін бұл вакцина b типті Haemophilus influenzae конъюгацияланған вакцинасын (Акт-ХИБ) қалпына келтіру арқылы енгізілуі немесе осы вакцинамен бір уақытта, бірақ дененің екі түрлі бөлігіне енгізілуі мүмкін.
6 жасында жүргізілетін бустерлік вакцинация: 1 инъекция.
6 жасында қажетті қорғаныс деңгейі бар жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакцина алмаған балалар үшін 11 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін бустерлік вакцинация.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне енгізіңіз. Бір жасқа дейінгі балаларда санның алдыңғы беткейінің ортаңғы үштен бір бөлігіне енгізген жөн, үлкен жастағы балаларда вакцина иықтың дельта тәрізді бұлшықетінің аумағына енгізіледі.
Балаларда қолданылуы
Тек педиатриялық қолдануға арналған.