J07BG01 Внуково-32 штаммды құтырма вирусының ерекше антигені¹ (Rabies, inactivated, whole virus)
Қолдану көрсеткіштері
Балаларда және ересектерде құтырманы алдын алу. Вакцина экспозиция алдындағы иммунизация үшін (алдын алу иммунизациясы) және тістегеннен кейін (экспозициядан кейінгі иммунизация) пайдаланылады: құтырма вирусын жұқтыру қаупі жоғары болатын адамдар, құтырма вирусымен жанасуы бар ветеринарлар, ветеринарлардың көмекшілері, орманшыларға, қорықшыларға және жануарларды үйретушілер, диагностикалық, зерттеу зертханаларының жұмысшылары, өндіріс жұмысшыларына, энзоотикалық аудандарда тұратын немесе саяхаттап жүрген ересектер мен балаларға экспозиция алдындағы иммунизация жасау. Берілген топтың тұлғаларына әрбір 6 ай сайын серологиялық сынақ қою ұсынылады.Экспозициядан кейінгі иммунизация жануарлармен жанасқан адамдарда жүзеге асырылады (болжаммен алғанда құтырма вирусын жұқтырған немесе құтырма диагнозы айғақталған).
-
Клинические протоколы:
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
Экспозиция алдындағы иммунизация: анамнезінде вакцинаға немесе вакцина құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары сезімталдық, жедел инфекциялық аурулар немесе созылмалы аурулардың өршуі (вакцинация сауыққаннан кейін 2 аптадан соң ерте емес уақытта жүргізіледі), асқынулар, соның ішінде вакцинаны енгізгеннен кейін дамыған жүйелі аллергиялық реакциялар.Экспозициядан кейінгі иммунизация: құтырма ауыруы кезінде өліммен аяқталу мүмкіндігін ескере отырып, экспозициядан кейінгі иммунизация үшін қарсы көрсетілімдер жоқ.
Қауіпсіздік шаралары
Бұл вакцинаны көктамыр ішіне енгізуге тыйым салынған! Вакцинаны енгізгенге дейін иненің қантамырға түспегеніне көз жеткізіңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Иммунитеттің бұзылу жағдайлары және иммуносупрессанттар құтыруға қарсы вакцина енгізуге барабар жауапты дамытуға кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай субъектілерде серологиялық жауапты бақылау ұсынылады, және қажет болған жағдайда қосымша дозаларды енгізу. Экспозициядан кейінгі иммунизация жүргізу кезінде бір мезгілде сіреспе анатоксинін және сіреспеге қарсы сарысуды қолдануға болады. Басқа вакциналарды енгізуде аралықты сақтаудың қажеттілігі жоқ. Басқа вакциналармен бір уақытта тағайындауда, вакциналарды әрқашан әр түрлі жерге және қарама-қарсы бөліктерге енгізу керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Экспозиция алдындағы иммунизация үшін тазартылған белсенділігі жойылған антирабиялық вакцина қарсы көрсетілген. Алдын алу иммунизациясы жүкті әйелдерге жүргізілмейді.
Емізу
Бала емізетін әйелдерге алдын алу иммунизациясы жүргізілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: инъекция орнының ауырсынуы, миалгия, әлсіздік, қызба.Жиі: қызару, қышыну, енгізген жердің тығыздалуы, астения, қалтырау, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, іштің ауыруы, жүрек айнуы, артралгия.Сирек: инъекция орнының ісінуі, лимфаденопатия.Өте сирек: анафилактикалық реакциялар, есекжем, бөртпе, құрысулар, энцефалиттер, парестезия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Тазартылған белсенділігі жойылған құтыруға қарсы вакцина бірдей дозаларды пайдаланумен тағайындалады. Сәбилер және кішкентай балаларға вакцинаны санның алдыңғы-латеральді аймағына бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады. Экспозиция алдындағы (алдын алу) вакцинация кезінде тазартылған белсенділігі жойылған антирабиялық вакцинаның (0,5 мл) 3 дозасын мына сызба бойынша тағайындайды: 0 күн (0К), 7 күн (7К), 21 күн (немесе 28). Ревакцинация (0,5 мл) алғашқы (алдын алу) вакцинациядан кейін 1 жылдан соң және әрі қарай әрбір 5 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Иммунизацияланбаған пациенттер эссен сызбасы бойынша тазартылған белсенділігі жойылған антирабиялық вакцинаның 0,5 мл 5 дозасын 0К, 3К, 7К, 14К және 28К қолданады. Антирабиялық иммуноглобулин ауыр дәрежеде жара болған жағдайда (құтырманы жұқтыру қаупі бойынша ДДСҰ классификациясына сәйкес ІІІ категория) вакцинаның алғашқы дозасымен бір мезгілде қолданылуы тиіс. Халықаралық қабылданған антирабиялық иммуноглобулин дозалары мынадай: адам иммуноглобулині дене салмағына 20 ХБ/кг, жылқы иммуноглобулині дене салмағына 40 ХБ/кг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.