J07BF04 Ішуге арналған екі валентті 1 және 3 типтегі полиомиелит вакцинасы¹ (Poliomyelitis oral, bivalent, live attenuated)
Қолдану көрсеткіштері
Полиомиелитке қарсы балалардың жоспарлы иммунизациясы.0 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың қосымша иммунизациясы үшін (эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша).Клиникалық хаттама: 1. Балалардағы гемолитикалық анемия 2. Иммунитеті төмен науқастарға вакцинация профилактикасы
-
Клинические протоколы:
- Гемолитическая анемия у детей
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
Вакцинаның кез келген компонентіне, сонымен қатар неомицин, стрептомицин және полимиксин В (вакцинада өте аз мөлшері болуы мүмкін) жоғары сезімталдық; алдынғы енгізілген тірі полиомиелит вакцинасына күрделі жағымсыз реакция; туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы (оның ішінде дәрі-дәрмектер қабылдаудан, лейкоздан, лимфомадан немесе басқа да қатерлі жаңа түзілімдерден туындаған); дене температурасының жоғарылауымен бірге жүретін аурулар; инфекциялық аурулардың жедел көріністері.
Қауіпсіздік шаралары
Жетілмеген немесе дене салмағы төмен болып туылған нәрестелерде вакцинацияны хронологиялық жасына сәйкес жүргізу керек (гестациялық жасы немесе дене салмағына байланысты түзетілуі жүргізілмеуі тиіс). Мультидозалық флакон пипеткасының сілекеймен жанасуын бодырмау керек. Дене температурасының артуымен, инфекциялық аурудың жедел көріністерімен жүретін аурудың даму жағдайларында вакцинацияны жазылуға дейін қоя тұру керек. Дәрілік өзара әрекеттесулерді болдырмас үшін, вакцинация уақытына сәйкес келетін кез келген терапия жайлы дәрігерді хабардар ету.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Полиомиелит вакцинасын басқа да вакциналармен бірге енгізу рұқсат етіледі.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Миалгия, артралгия, қызба, қалтырау, астения, вакцина ассоциирленген салдық полиомиелит (ВАСП).
Балаларда қолданылуы
Пероральді, мультидозалық дәрі тамызғыш (пипетка) қолдану арқылы. Балаларға бір доза енгізіледі. Вакцинаның бір дозасы 2 тамшыдан тұрады (0,1 мл).