A10AE04 Гларгин инсулині¹ (Insulin glargine)
Қолдану көрсеткіштері
Қант диабетін емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Диабетическая нефропатия
- Сахарный диабет 1 типа
- Сахарный диабет 1 типа у детей и подростков
- Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
- Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қандай да бір қосымша затқа жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Диабеттік кетоацидозды емдегенде таңдау инсулині болып табылмайды. Гипогликемия көріністерінің ерекше клиникалық маңызы болатын, мысалы коронарлық артериялардың немесе бас миы қан тамырларының елеулі стенозы бар (гипогликемияның жүрек және церебральді асқынулары дамуының қаупі), пролиферациялайтын ретинопатия жағдайында, әсіресе егер фотокоагуляция емі жүргізілмесе (гипогликемия соңынан өтпелі соқырлық даму қаупі) науқастарда ерекше сақтық жасау және қандағы глюкоза деңгейіне күшейтілген мониторинг жүргізу керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пероральді гипогликемиялық заттар, ААФ тежегіштері, дизопирамид; фибраттар, флуоксетин, MAO тежегіштері, пентоксифиллин, пропоксифен, салицилаттар, сульфаниламидті антибиотиктер- инсулиннің гипогликемилық әсерін және гипогликемия дамуына бейімділікті күшейтеді;
Глюкокортикостероидтар, даназол, диазоксид, диуретиктер, глюкагон, изониазид, эстрогендер мен прогестогендер, фенотиазин туындылары, соматропин, симпатомиметиктер (адреналин, сальбутамол, тербуталин); қалқанша безі гормондары, атипиялық нейролептиктер (мысалы клозапин мен оланзапин) және протеаза тежегіштері- инсулиннің гипогликемиялық әсерін әлсіретеді;
Бета-адреноблокаторлар, клонидин, литий тұздары және этанол - инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтеді/ әлсіретеді.
Пентамидин - кейде гипергликемиямен алмасатын гипогликемия;
Бета-адреноблокаторлар, клонидин, гуанетидин мен резерпин - адренергиялық контррегуляция белгілерінің айқындығы әлсіз болуы немесе тіпті болмауы мүмкін (гипогликемия дамуына жауап ретінде симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге қажеттілік инсулин метаболизмінің төмендеуіне байланысты төмендеуі мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге қажеттілік инсулин метаболизмінің төмендеуіне және глюконеогенезге қабілеттіліктің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін.
Жүктілік
Қолданылуы шұғыл клиникалық қажеттілік жағдайында қарастырылуы мүмкін.
Емізу
Инсулин дозасын және диетаны түзету талап етілуі мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия;Жиі: липогипертрофия; бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі аралықта қайтатын, инъекция орнындағы реакциялар: қызару, ауырсыну, қышыну,есекжем, ісіну, қабыну;Жиі емес: липоатрофия;Сирек: аллергиялық реакциялар; көрудің нашарлауы, ретинопатия; ісігулер;Өте сирек: дисгевзия; миалгия;Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.