J07BC01 B гепатитінің вирусы¹ – тазартылған антиген (Hepatitis B, purified antigen)

Қолдану көрсеткіштері

В гепатиті вирусының барлық белгілі тип тармақтарынан туындайтын инфекцияға қарсы белсенді иммунизация.
    Клинические протоколы:
  1. Трансплантация печени
  2. Гемолитическая анемия у детей
  3. Хронический гепатит В у взрослых
  4. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, вакцинаның алдыңғы енгізілуіне асқын сезімталдық реакциясының дамуы, жедел инфекциялық аурулар.

Қауіпсіздік шаралары

Жамбас бұлшықетіне, тері астына немесе тері ішіне енгізу ұсынылмайды, себебі бұл гуморальдық иммундық жауап қарқындылығын төмендетуі мүмкін. Иммунизация жүргізгеннен кейін пациент 30 минут аралығында медициналық бақылауда болуы керек. Бір шприцте басқа да вакциналармен және иммуноглобулиндермен араластыруға болмайды. А гепатиті, С гепатиті, Е гепатиті вирусы сияқты басқа да агенттерден немесе бауырды зақымдайтын басқа патогенді агенттерден туындаған гепатит инфекциясының алдын алмайды. Алғашқы иммунизациядан кейін 48-72 сағат аралығында шала туылған балаларда (жүктіліктің ≤ 28 аптасында туылған) апноэ даму қаупі бар, осыған байланысты осы кезең аралығында олардың тынысалу жүйесіне мониторинг жүргізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тітіркенгіштік, инъекция орнының ауырсынуы және қызаруы, шаршағыштық.Жиі: тәбетті жоғалту, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, абдоминальді ауырсынулар, қызба (температура 37,5 ºС жоғары болуы), әлсіздік, инъекция орнының ісінуі. Жиі емес: бас айналуы, миалгия, тұмау тәрізді жағдай. Сирек: лимфаденопатия, парестезия, есекжем, қышыну, бөртпе, артралгия.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Бұлшықет ішіне, дельта тәрізді бұлшықет аймағына. Құйымшақ жүйкесінің зақымдану қаупіне байланысты, жамбас аймағына енгізбеу.15 жасқа дейінгі балаларға иммунизациялаудың екі кестесі ұсынылады. Бірінші кесте: 0, 1 және 6-шы айларда. Екінші, жылдамдатылған кесте: 0, 1 және 2-ші айларда, ұзақ мерзімді вирусқа қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін төртінші (бустерлі) доза бірінші доза енгізгеннен кейін 12 айдан соң енгізіледі.