J07BB02 Белсенділігі жойылған суббірлікті тұмау вакцинасы¹ (Influenza, inactivated, split virus or surface antigen)

Қолдану көрсеткіштері

Тұмаудың алдын алу, әсіресе асқынулар даму қаупі жоғары адамдарда.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гемолитикалық анемия   2. Иммунитеті төмен науқастарға вакцинация профилактикасы
    Клинические протоколы:
  1. Гемолитическая анемия у детей
  2. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық; дене температурасының +37 °С жоғары көтерілуі; жедел инфекциялық ауру немесе созылмалы аурудың асқынуы; анамнезінде вакцина енгізуге анафилактикалық реакция жағдайының болуы.

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың қантамыр арнасына түсуін болдырмас үшін, инъекцияны сақтықпен жүргізу керек. Препаратты пайдаланудан кейін қалған, қолданылмаған препараттың кез келген мөлшері немесе материалдар жергілікті талаптарға сай жою керек. Вакцинациядан кейін АИВ- на, С гепатитіне және әсіресе қан сарысуында адамның Т- жасушалық лимфотропты вирусына (HTLV1) қарсы антиденелердің болуына ИФТ (ELISA тәсілін қолданумен) серологиялық тесттерінің жалған- оң нәтижелері байқалған.  Автокөлік немесе басқа қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да вакциналармен - бірге қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге вакциналарды әртүрлі шприцтермен дененің әртүрлі жеріне енгізу керек. Иммуносупрессивті терапия - иммунды жауап төмендеуі мүмкін. Басқа да дәрілік заттар - АРАЛАСТЫРМАУ!

Жүктілік

Жүктіліктің бірінші триместрінде қарсы көрсетілген. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, тершеңдік, шаршау сезімі, әлсіздену, температураның жоғарылауы, сирек невралгия, парестезия, қызба салдарынан болатын құрысулар, неврологиялық бұзылыстар (энцефаломиелит, неврит және Гийен-Барр синдромы).Жергілікті реакциялар: ісіну, ауыру сезімі, тығыздану, қызаруы, вакцина енгізген жерде қанталаулар.Аллергиялық реакциялар: қышыну, есекжем, соның ішінде спецификалық емес бөртпені қоса, жайылған тері реакциялары, сирек - шок, тамырдың ісінуі.Басқа: буындарда және бұлшықеттерде ауыру сезімі, сирек транзиторлы тромбоцитопения және лимфаденопатия, васкулит, жеке жағдайларда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуымен бірге жүретін.

Балаларда қолданылуы

Бұлшықетке немесе тері астына терең иықтың дельта тәрізді бұлшықеті бөлігіне енгізген дұрыс; нәрестелерге егер ыңғайлы болса, онда санның алдыңғы –латеральді беткейіне енгізу. 6 айдан 36 айға дейінгі балаларға: 0,25 мл бір рет; 36 айдан асқан балалар: 0,5 мл бір рет. Бұрын тұмаумен ауырмаған және тұмауға қарсы вакцина қабылдамаған балаларға вакцинаны 4 аптадан кейін қайта енгізу ұсынылады. 6 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.