J07BA01 Кене энцефалитінің вирусы – белсенділігі жойылған тұтас вирус¹ (Encephalitis, tick borne, inactivated, whole virus)
Қолдану көрсеткіштері
Кене энцефалитінің арнайы алдын алу. Арнайы иммуноглобулин алу мақсатында донорлар вакцинациясы.
Қарсы көрсеткіштері
Вакцина компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, асқыну немесе ремиссия сатысындағы созылмалы аурулар, анамнезіндегі ауыр аллергиялық реакциялар, бронх демікпесі, аутоиммундық аурулар, ауыр реакция (температураның 40°С жоғары көтерілуі; вакцина енгізген жерде – диаметрі 8 см асатын ісіну, гиперемия) немесе алдында енгізілген вакцинаға асқынулар.
Қауіпсіздік шаралары
Вакцинаны көктамырға енгізуге болмайды!Кез келген этиологиядағы жедел қызбалық жағдайларда немесе созылмалы инфекциялық аурулар асқынуы кезінде екпелерді сауыққаннан кейін бір айдан соң жүргізеді. Вирусты гепатит және менингококкты инфекцияны басынан өткерген адамдарға вакцинацияны сауыққаннан кейін 6 айдан кем емес уақыттан соң жүргізеді. Иммунизация жүргізетін жерлерде міндетті түрде жедел көмек көрсету және шокқа қарсы терапия заттары болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек ауруларының асқынуы кезінде қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Созылмалы бауыр ауруларының асқынуы кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Әлсіздік, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, тұмау тәрізді симптомдар (тершеңдік, қалтырау, көз бұршақтарындағы ауырсыну, артралгия және миалгия), дене температурасының көтерілуі, аллергиялық реакциялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Бұлшықетке, қолдың дельта тәрізді бұлшықетіне (сол қолға жүргізген дұрыс). 3 жастан асқан балаларға қолданылады.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.