J07AL52 Пневмококктік тазартылған полисахаридті вакцина және гемофильді инфекция, конъюгацияланған (Pneumococcus purified polysaccharides antigen and haemophilus influenzae, conjugated)
Қолдану көрсеткіштері
6 апталықтан 5 жасқа дейінгі жастағы балаларда Streptococcus pneumoniae туындатқан инвазивтік инфекциялар, пневмония және жедел ортаңғы отиттің алдын алу үшін белсенді иммунизациялауда.
-
Клинические протоколы:
- Цирроз печени у взрослых
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Гемолитическая анемия у детей
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
Вакцинаның кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық және вакцинаның бұдан бұрын енгізілуіне аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы, ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі жедел инфекциялық аурулар.
Қауіпсіздік шаралары
Тамырішілік немесе теріішілік инъекция түрінде енгізуге болмайды! Вакцинаны қолдану жедел қызбалық жағдайы және жедел инфекциялық ауруы бар балаларда кейінге қалдырылуы тиіс. Кейінгі қан кетулерді болдырмас үшін тромбоцитопения және қан ұюының басқа да бұзылулары бар балаларға қолданғанда сақтық таныту керек. Өте шала туылған (жүктіліктің 28 аптасынан ерте туылған) балаларға, әсіресе анамнезінде тыныс алу жүйесінің жетілмеушілігі бар балаларға бастапқы иммунизация жүргізген кезде апноэ дамуының әлеуетті қаупін және 48–72 сағат бойы тыныс алуға мониторинг қажеттілігін ескеру керек, вакцинацияның пайдасы жоғары болғандықтан, вакцинацияны тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға болмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа вакциналармен бір уақытта қолдану қажет болған жағдайда, вакциналарды дененің түрлі бөліктеріне енгізу.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: тәбеттің жоғалуы, ашушаңдық, ұйқышылдық, инъекция жасаған жердің ауыруы, қызаруы, ісінуі, ректальді өлшеген кезде (2 жастан кіші балаларда) ≥ 38ºС қызба. Жиі: инъекция жасаған жердің тығыздануы, ректальді өлшеген кезде (2 жастан кіші балаларда) ≥ 39°С қызба, ректальді өлшеген кезде (2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда) ≥ 38ºС қызба.Жиі емес: әдеттен тыс жылау, апноэ, диарея, құсу, бөртпе, инъекция орнында гематома, қан құйылулар мен түйіндік қалыңдаулардың түзілуі.Сирек: аллергиялық реакциялар (аллергиялық дерматит, атопиялық дерматит, экзема, бөртпе, есекжем), құрысулар (қызбамен қатар жүретін құрысуларды қоса), гипотониялық гипореактивті синдром.Өте сирек: қантамырларының ісінуі, Кавасаки ауруы, анафилактикалық реакциялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
6 аптадан 5 жасқа дейінгі балаларға иммунизация жүргізу кезінде ресми ұсынымдарды сақтау керек. Вакцинаны нәрестелерге санның алдыңғы латеральды бөлігіне енгізген дұрыс. 6 аптаға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 аптаға дейінгі және 5 жастан асқан балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.