J07AJ52 Жасушасыз көкжөтел компонентінен тұратын, сіңірілген көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы (Рertussis, purified antigen, combinations with toxoids)
Қолдану көрсеткіштері
2 айдан бастап және 6 жасқа дейінгі балалардың (7 жасқа дейін) көкжөтелге, сіреспеге, дифтерия, b типіндегі Haemophilus influenzae инфекцияларына қарсы белсенді иммунизациясына арналған.
-
Клинические протоколы:
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов
Қарсы көрсеткіштері
Вакцинаның кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; дифтерия, сіреспеге, көкжөтелге қарсы алдыңғы вакцина енгізгендегі өте жоғары сезімталдық реакциясы; құрамында көкжөтел компоненті бар вакцинаның алдыңғы енгізілуінен кейін 7 күн ішінде байқалған энцефалопатия; үдемелі неврологиялық бұзылыс; 2 айдан кіші және 7 жастан жоғары балалар және ересектер.
Қауіпсіздік шаралары
Берілген вакцинаны жамбас бұлшықетіне және тамыр арнасына енгізуге болмайды. Қан ұюының бұзылыстары бар пациенттерде сақтық таныту керек және инъекциядан кейінгі гематоманың түзілу қаупін болдырмас үшін тиісті шаралар қолдану қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Берілген вакцинаны бір мезгілде басқа да инактивтелген немесе тірі вакциналармен тағайындауға болады, тек басқа да вакциналар әр түрлі шприцтермен және дененің басқа бөлігіне енгізілуі тиіс. Бір шприцте басқа да парентералді препараттармен араластыруға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген
Жүктілік
Қарсы көрсетілген
Емізу
Қарсы көрсетілген
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: Жергілікті реакциялар: инъекция орнының ауыруы, ісінуі, қызаруы;Жалпы реакциялар: жылау, мазасыздық, тәбеттің жоғалуы, диарея;Жиі: белсенділіктің төмендеуі, әлсіздік, құсу, қызба;Сирек: ауыру мен ісінуді қосқанда, инъекция орнында көлемді реакция; аяқ-қолдарының ісінуін қосқанда инъекция орнында ауыр реакциялар;Инъекция орнында реакциялар: қызару, бөртпе, қышыну; қозғыштық, ұзақ немесе ерекше жоғары жиілікті жылау; гипотония және гиперреактивтілік, энцефалопатия.