J06BB12 Кене энцефалитіне қарсы адам иммуноглобулині¹ (Encephalitis, tick borne immunoglobulin)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен балаларда кене энцефалитін жедел алдын алу және емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Клещевой энцефалит
  2. Энцефалит у детей и взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Анамнезінде адам қанының препараттарын енгiзгенде ауыр аллергиялық реакциялардың болуы.

Қауіпсіздік шаралары

Сақтықпен қолданады: аллергиялық аурулардан (бронх демiкпесi, атопиялық дерматит, қайталанатын есекжем) зардап шегетін немесе анамнезінде қандай да болсын аллергендерге (азық-түлiк, дәрiлік және т.б.) клиникалық айқын реакциялары болған тұлғаларға.

Жағымсыз әсерлері

Әдеттегідей, иммуноглобулинді енгiзуге реакциялар болмайды.Сирек: инъекция орнындағы гиперемия, инъекция орнындағы ауыру. Өте сирек: препаратты енгiзгеннен кейiн алғашқы тәуліктер iшiнде температураның 37,5ºС-ге дейін және одан жоғары жоғарылауы, әртүрлi типтегі аллергиялық реакциялар; өте сирек анафилактикалық шок.