J06BB05 Антирабиялық иммуноглобулин (Rabies immunoglobulin)

Қолдану көрсеткіштері

Құтырған немесе құтырғанына күдік бар жануар тістегеннен кейінгі құтырмаға қарсы емдік-профилактикалық мақсаттағы пассивті иммунизация.
    Клинические протоколы:
  1. Бешенство у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Құтырмамен ауырғанда өліммен аяқталуы мүмкін екендігін ескерсек,  қарсы көрсетілімдер жоқ.

Қауіпсіздік шаралары

Тамырлы арнаға енгізуге болмайды, инъекция жасағанда иненің қан тамырына тимегеніне көз жеткізу керек. Жарақатты көп инъекциялауға жол бермеу.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кортикостероидтық ем иммундық жауапты төмендетуі мүмкін.  Антирабиялық иммуноглобулин мен вакцинаны бір еккіште араластыруға болмайды.  Бұл препаратты басқа медициналық препараттармен араластыруға болмайды.

Жүктілік

Құтырманың өмірге қауіп төндіруіне байланысты жүктілік құтырма профилактикасына қарсы көрсетілім емес.

Емізу

Емдеу кезеңінде емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қажығыштық,бас ауыруы,бұлшықет ауыруы, буындардың ауыруы;Жиі: қызба, қалтырау, ауыру, қызару, ісіну, жүрек айнуы;Жиі емес: қышыну;Өте сирек: жедел немесе баяу түрдегі аллергиялық реакциялар,анафилактикалық шок,есекжем, бөртпе, Квинке ісігі, кешіктірілген реакциялар,  немесе  ангионевротикалық ісік.

Балаларда қолданылуы

Жергілікті жараны және жара айналасына инфильтрациялау.Антирабиялық жылқы иммуноглобулині: ұсынылатын доза- дене салмағына 40 ХБ/кг.Дозалау иммуноглобулин концентрациясы негізінде есептеледі – 200 ХБ /1.0 мл иммуноглобулин.Адамның антирабиялық иммуноглобулині: Ұсынылатын доза- дене салмағына қарай 3,33 ХБ/кг. Тазартылған жараның ішіне және айналасына инфильтрация арқылы 20 бірлік / кг; егер жара көрінбесе немесе жазылмаса,  егер барлық көлемнің инфильтрациясы мүмкін болмаса, қалған дозаны бұлшықет ішіне санның (вакцинация орнынан алыстатылған) алдыңғы бөлігіне енгізеді.