J06A01 Күл ауыруына қарсы сарысу¹ (Diphtheria antitoxin)
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сарысуды алғашқы рет енгізер алдында міндетті түрде жылқы сарысуының ақуыздарына пациенттің сезімталдығын анықтау үшін, жылқының тазартылған, сұйылтылған 1:100 (ампула қызыл түспен белгіленген) сарысуымен Безредко әдісі бойынша сезімталдыққа тері сынамасын қояды. Анафилактикалық шоктың даму мүмкіндігін ескеріп, әрбір егілген адамды сарысуды енгізгеннен кейін бір сағат ішінде медициналық бақылаумен қамтамасыз ету керек. Екпе жүргізілетін жерлер шокқа қарсы емнің дәрілерімен қамтамасыз етілуі керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: сарысулық ауру симптомдарының кешені: температураның жоғарылауы, тері бөртпесі, буындардың ауыруы және т.б.Өте сирек: анафилактикалық шок.Сарысуды енгізу әртүрлі аллергиялық реакциялармен жүруі мүмкін: дереу (дереу сарысуды енгізген бойында немесе бірнеше сағаттан кейін), ерте (2-6 тәулікте) және кешеуілдеген (2-ші аптада және кешірек).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Өмірінің алғашқы күнінен бастап балаларға. Бұлшыет ішіне және тері астына, бірреттік, барынша ертерек мерзімде, бірақ, аурудың басталуынан 4 тәуліктен кешіктірмей енгізу. Препараттың бір жерге енгізілген ең жоғары мөлшері 10 мл-ден аспауы керек. Сарысуының бір реттік дозасы төмендегіні құрайды: оқшауланған түрлерінде: мұрын, көз, тері, жыныс ағзалары дифтериясы 10000-20000 ХБ, көмей дифтериясы 40000-50000 ХБ; Субуытты түрінде 40000-50000 ХБ, I дәрежеде уытты 50000-70000 ХБ, II дәрежеде уытты 60000-80000 ХБ, геморрагиялық 100000-120000 ХБ. Әсері болмаған жағдайда сарысу енгізуді 12-24 сағаттан кейін сол дозаны қолданумен қайталауға болады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.