J05AR13 Ламивудин, Абакавир және Долутегравир (Lamivudine, Abacavir and Dolutegravir)

Қолдану көрсеткіштері

АИТВ-инфекциясын емдеу.                                                                                  Құрамында абакавир бар препаратпен емді бастар алдында - АИТВ-жұқтырған пациенттердің барлығына, нәсілдік тегіне қарамастан HLA-B*5701 аллелін тасымалдаушылыққа скрининг жүргізу ұсынылады. HLA-B*5701 аллелін тасымалдаушылығы белгілі пациенттерге абакавир қолданылмауы тиіс.Берілген біріктірілген дәрілік заттың құрамына кіретін әр препарат туралы толық ақпарат Ламивудин¹ (Lamivudine), Абакавир¹ (Abacavir) және Долутегравир¹ (Dolutegravir) монографияларында берілген.  Қолдану тәсілі және дозасы Препаратты АИТВ-инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар мамандар тағайындағаны жөн. Бір таблетка құрамында 300 мг ламивудин, 600 мг абакавир және 50 мг долутегравир бар, бекітілген дозалы біріктірілім болып табылады және дозаны реттеуді қажет ететін пациенттерге тағайындауға болмайды. Ішке, тамақ ішуге қарамастан, жеткілікті мөлшердегі сумен ішу. Ересектер: бекітілген біріктірілімге ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 1 таблетканы құрайды. Егер пациент келесі қабылдауды өткізіп алса және келесі дозаға дейінгі уақыт 4 сағаттан аз болса, онда өткерілген дозаны қабылдамай, келесі дозаны кесте бойынша қабылдау ұсынылады. Егде жастағы пациенттерге бүйрек қызметінің төмендеуін және гематологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін ескере отырып, сақтықпен қолдану. Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі АИТВ-инфекция
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттерге ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің күрделі және орташа бұзылысы бар пациенттерге ұсынылмайды.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақ ішуге қарамастан, жеткілікті мөлшердегі сумен ішу. Дене салмағы 40 кг кем емес 12 жастан асқан балаларға: ұсынылған доза тәулігіне бір рет 1 таблеткадан. Дене салмағы 40 кг төмен 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 12 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.