J05AP01 Рибавирин¹ (Ribavirin)
Қолдану көрсеткіштері
Созылмалы С гепатитінде, оның ішінде компенсацияланған бауыр циррозымен аяқталатын түрінде альфа-2a немесе 2b интерферонымен (стандартты немесе пегилирленген) біріктірілген ем құрамында.
-
Клинические протоколы:
- Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
- Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
- Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
- Хронический вирусный гепатит С у взрослых
- Хронический вирусный гепатит С у детей
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
- Энцефалит у детей и взрослых
- Цирроз печени у взрослых
- Геморрагическая лихорадка с почечным синдромом
Қарсы көрсеткіштері
Рибавиринге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық, ең кем дегенде, емді бастағанға дейін 6 ай ішінде байқалатын, тұрақсыз және бақыланбайтын түрлерін қоса, жүректің ауыр аурулары, гемоглобинопатиялар (мысалы, талассемия, орақ-жасушалы анемия), ауыр, қалжырататын аурулар, анамнезіндегі аутоиммундық аурулар, айқын депрессия және суицидальді көңіл-күй.
Қауіпсіздік шаралары
Рибавиринді монотерапия ретінде қолдану тиімді емес, сондықтан препаратты С гепатитін емдеу кезінде жеке қолданбау керек. Жүрек аурулары бар пациенттерде емдеуге дейін және емдеу кезінде электрокардиография жүргізу керек. Аритмиялар (негізінен, қарыншаүстілік), әдеттегідей, дәстүрлі еммен емдеуге келеді, бірақ емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Азатиоприн - миелоуыттылық қаупі. Бір мезгілде қабылдауды болдырмау керек.Антацидтер - рибавирин биожетімділігінің төмендеуі.Нуклеозидтердің аналогтары - лактоацидоз қаупі.Рибавирин мен диданозинді бірге қолдану ұсынылмайды, себебі митохондриальді уыттылық, лактоацидоз және панкреатит жағдайлары анықталған, олардың кейбірі өлімге алып келген.Зидовудин - анемия даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттер рибавиринді қабылдамауы керек. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Декомпенсацияланған бауыр циррозы, бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқысыздық, тітіркенгіштік, депрессия, зейінді жұмылдырудың жоғалуы, бас ауыруы, бас айналуы, дене салмағының төмендеуі, ентігу, жөтел, анорексия, жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы, алопеция, қышыну, дерматит, терінің құрғауы, миалгия, артралгия, әлсіздік, температураның жоғарылауы, қалтырау, астения.Жиі емес: герпес, несеп шығару жолдарының инфекциялары, бронхит, ауыз қуысының кандидозы, лимфаденопатия, анемия, тромбоцитопения, гипотиреоз, гипертиреоз, жадының нашарлауы, парестезия, гипостезия, тремор, әлсіздік, бас айналуы, көңіл-күйдің құбылмалылығы, күйгелектік, озбырлық, либидоның төмендеуі, бас сақинасы, гиперестезия, түнгі қорқыныштар, үрейленгіштік, естен тану, көздің бұлыңғырлануы, ксерофтальмия, конъюнктивит, көздің ауыруы, құлақтың ауыруы, жүрек қағуы, тахикардия, құйылулар, дене жүктемесі кезінде ентігу, ринит, назофарингиттер, мұрынның бітелуі, мұрынның қанауы, ауыздың құрғауы, ауыз қуысы шырышты қабатының ойылып жара болуы, қызылиектің қанауы, стоматит, дисфагия, глоссит, дәмнің бұзылуы, шөлдеу, құсу, диспепсия, метеоризм, бөртпе, экзема, псориаз, фотосезімталдық реакциялары, қатты тершеңдік, түнде терлеу, шеткергі ісінулер, сүйектердің ауыруы, кеуденің, арқаның және мойынның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің түйілуі, бұлшықеттің ауыруы, артрит, эректильді дисфункция, тұмауға ұқсас симптом, қажығыштық.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.