J05AB09 Фамцикловир (Famciclovir)

Қолдану көрсеткіштері

Varicella zoster вирусынан туындаған инфекциялар: иммуноқабілетті пациенттердегі офтальмогерпесті қоса, белдемелік теміреткі; иммунитеті әлсіреген пациенттердегі белдемелік теміреткі.Herpes simplex вирусынан туындаған инфекциялар: иммуноқабілетті пациенттердегі сыртқы жыныс мүшелері герпесінің алғашқы көрінісі және қайталануы; иммунитеті әлсіреген  пациентерде сыртқы жыныс мүшелері герпесінің қайталануы; иммуноқабілетті және иммунитеті әлсіреген  пациенттерде сыртқы жыныс мүшелері қайталама герпесінің супрессиясы.
    Клинические протоколы:
  1. Герпетическая инфекция у взрослых
  2. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  3. Трансплантация почки
  4. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  5. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық, сондай-ақ пенцикловирге жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Антиретровирустық ем басқа адамдарға жыныстық қатынас арқылы немесе қан арқылы АИТВ жұқтыру қаупінің алдын алмайтындығы туралы пациенттерді хабардар ету қажет. Қажетті сақтық шаралары сақталуы тиіс. Автокөлік  немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - пенцикловир концентрациясының артуы (уытты әсерінің қаупі).  Ралоксифен (альдегидоксидазаның күшті ингибиторы) – пенцикловир түзілуінің төмендеу қаупі, вирусқа қарсы терапияның клиникалық тиімділігіне бақылау жүргізу керек. Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 60 мл/мин кем болғанда дозасын түзету талап етіледі. Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр қызметінің бұзылысында дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауруы;Жиі: бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, абдоминалды ауырсыну, диарея, бауыр қызметінің қалыпты емес көрсеткіштері, тері бөртулері, қышыну;Жиі емес: сананың шатасуы (көбінесе егде жастағыларда), ұйқышылдық (көбінесе егде жастағыларда), ангионевротикалық ісіну (бет ісінуі, қабақтың ісінуі, периорбитальді ісіну, көмейдің ісінуі), есекжем;Сирек: тромбоцитопения, галлюцинациялар, жүрек қағысының жиілеуі, холестатикалық сары ауру;Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.