J04A01 Аминосалицил қышқылы (4-aminosalicylic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Туберкулездің (әр түрлі формасындағы және орналасуындағы) кешенді емінде.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Крона
Қарсы көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, ішкі мүшелердің амилоидозы, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, энтероколит (асқынуы), микседема (компенсацияланбаған), декомпенсацияланған СЖЖ (соның ішінде жүрек ақауы аясында), тромбофлебит, гипокоагуляция, эпилепсия.
Қауіпсіздік шаралары
Емдеу кезінде "бауырлық" трансаминазалар белсенділігіне бақылау жүргізіп отыру керек. Протеинурия және гематурия дамуы препаратты қабылдауды уақытша тоқтатуды қажет етеді. Автокөлікті немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Изониазид - қанда изониазид концентрациясының жоғарылауы. Рифампицин, эритромицин, линкомицин - бұл препараттардың сіңірілуінің бұзылыстары. B12 дәрумені - В12 дәрумені сіңірілуінің бұзылыстарына байланысты анемия даму қаупі жоғарылайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, іш ауыруы, диарея немесе іш қатуы, гепатомегалия, "бауырлық" трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, протеинурия, гематурия, кристаллурия.Сирек: тромбоцитопения, лейкопения (агранулоцитозға дейін), дәрілік гепатит, B12 тапшылықты мегалобластық анемия, аллергиялық реакциялар: қызба, дерматит (есекжем, пурпура, энантема), эозинофилия, артралгия, бронхоспазм; жоғары дозаларда ұзақ қабылдағанда- гипотиреоз, жемсау, микседема.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтан 30 мин - 1 сағаттан кейін, қайнатылған сумен, сілтілі минералды сумен ішеді. Балаларға дене салмағына байланысты 0,2 г/кг/тәу 3-4 рет тағайындайды, жоғары доза – тәулігіне 10 г. Амбулаториялық емдеу кезінде барлық тәуліктік дозаны бір рет қабылдау үшін тағайындауға болады.