J01XX08 Линезолид¹ (Linezolid)

Қолдану көрсеткіштері

Пневмония, гликопептидтер, мысалы, ванкомицин сияқты, басқа да бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмаған жағдайда; басқа да бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмағанда, Грам-оң бактерияларымен шақырылған, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.
    Клинические протоколы:
  1. Акушерский сепсис
  2. Менингит у детей и взрослых
  3. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  4. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  5. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  6. Апластическая анемия у детей
  7. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  8. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  9. Апластическая анемия у взрослых
  10. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  11. Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
  12. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  13. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  14. Пневмония у детей
  15. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  16. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
  17. Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
  18. Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
  19. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  20. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
  21. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
  22. Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  23. Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  24. Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
  25. Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; бақыланбайтын артериялық гипертензия; феохромоцитома; карциноидты синдром; тиреотоксикоз; биполярлы депрессия, шизоаффективті бұзылыстар, сана шатасуының жедел көріністері.

Қауіпсіздік шаралары

Серотониннің қайта ұсталуының тежегіштерін, үшциклді антидепрессантар, 5-НТ1 рецепторларының агонистерін (триптандар), тікелей және тікелей емес әсер ететін адреномиметиктік заттар (псевдоэфедринді, фенилпропаноламинді, адренергиялық бронходилататорларды қоса), вазопрессорлы заттар (эпинефрин, норэпинефрин), допаминергиялық заттар (допамин, добутамин), петидин немесе буспирон қабылдап жүрген пациенттерге тағайындауға болмайды. Анемия, гранулоцитопения немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерге толық қан талдауларын мұқият бақылауды жүзеге асыру ұсынылады; сондай-ақ, шеткері қанда гемоглобин деңгейі мен тромбоциттер санын төмендетуге қабілетті, немесе олардың функциясын бәсеңдететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге. Ұзақ уақыт қолданған кезде (28 күннен аса) лактоацидоз, анемия және нейропатия (оптикалық немесе шеткергі) дамуы мүмкін. Лактоацидоз дамыған жағдайда потенциалды қауіпті таразылай отырып, линезолидті әрі қарай қолдану жөнінде шешім қабылдауы қажет. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидазалар тежегіштері (фенелзин, изокарбоксазид, селегилин, моклобемид) - әсердің күшеюі. Серотониннің қайта ұсталуының тежегіштері, үшциклді антидепрессанттар, 5-НТ1 рецепторларының (триптандар) агонистері - серотонинді синдромның даму қаупі. Адреномиметиктер (псевдоэфедринді, фенилпропаноламинді, адренергиялық бронходилататорларды қоса), тамыр тарылтқыш препараттар (эпинефрин, норэпинефрин), дофаминомиметиктер (мысалы, дофамин, добутамин), петидин немесе буспирон - гипертензияның дамуы. Амфотерицин В, хлорпромазин гидрохлориді, диазепам, пентамидин изотионаты, натрий фенитоин, эритромицин лактобионаты, ко-тримоксазол (триметоприм + сульфаметоксазол), цефтриаксон - фармацевтикалық үйлесімсіз.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді. Линезолидті тек, егер күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді. Линезолидті күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: кандидоз, ұйқысыздық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы (ауыздағы темір тату), бас айналуы, гипертония, диарея, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің қатуы, диспепсия, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (ACT) артуы, ЛДГ, креатинкиназа, липаза, амилаза, глюкозаның жоғарылауы, жалпы ақуыз, альбумин, натрий немесе кальцийдің төмендеуі; калийдің немесе натрий мөлшерінің өзгеруі, анемия, нейтрофилия немесе эозинофилия, тромбоцитопения, лейкоцитопения, қышыну, бөртпе, температураның жоғарылауы.Сирек: лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, құрысулар, парестезиялар, транзиторлы ишемиялық шабуыл, флебит, тромбофлебит, аритмия (тахикардия), панкреатит, гастрит, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, глоссит, жиі сұйық нәжіс, стоматит, есекжем, дерматит, бүйрек жеткіліксіздігі, креатинин деңгейінің артуы, полиурия, қалтырау, шаршау, инъекция орнының ауыруы, қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі.Өте сирек: миелосупрессия, сидеробластты анемия, анафилаксиялық реакциялар, оптикалық нейропатия, көру жүйкесінің невриті, көрмей қалу, көру өткірлігінің өзгеруі, түсті ажыратудың өзгеруі, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз, ангионевротикалық ісіну, алопеция.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.