J01XX01 Фосфомицин¹ (Fosfomycin)
Қолдану көрсеткіштері
Жедел бактериялық цистит, қайталанған бактериялық циститтің жедел ұстамалары; бактериялық спецификалық емес уретрит; жүкті әйелдерде симптомсыз ауқымды бактериурияда; несеп шығару жолдарының операциядан кейінгі инфекцияларында; хирургиялық араласулар және трансуретральді диагностикалық зерттеулер кезінде несеп шығару жолдары инфекцияларының алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Менингит у детей и взрослых
- Дивертикул мочевого пузыря
- Киста почки
- Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
- Цистит и уретрит
- Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Фруктозаны көтере алмаушылықтың, глюкозгалактозаның нашар сіңірілуінің немесе сахароза-изомалтаза жеткіліксіздігінің сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозасын төмендетеді және енгізу аралықтарын ұзартады.Креатинин клиренсі 10 мл/ мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қабылдау қажет болған жағдайда, емдеу кезінде емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ бұзылыстары (бас ауыруы, бас айналуы, инсомния, ұйқышылдық, бас сақинасы, ашушаңдық, парестезия, әлсіздену);АІЖ бұзылыстары (жүрек айнуы, қыжыл, диарея, анорексия, іш қатуы, ауыздың құрғауы);Аллергиялық реакциялар анафилаксияға дейін тері бөртпесі; орнықпаған ауырсыну; тұмауға ұқсайтын синдром; вагиниттер, дисменорея; суперинфекция;Бүйрек қызметінің бұзылыстары (дизурия, гематурия);Лимфаденопатия, трансаминазалар белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.