J01XD02 Тинидазол (Tinidazole)

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді ем құрамында   асқазан-ішек жолдарының инфекцияларында, Helicobacter pylori; астасқан асқазан және он екі елі ішектің ауруларында; құрсақ қуысының, несеп жыныс жүйесінің инфекцияларында (еркектер және әйелдерде несеп жыныс ағзаларының трихомониазы); гинекологиялық инфекцияларда: эндометрит, түтіковариальдік абцесінде, спецификалық емес вагинитте; жедел ойық жаралы гингивитте; сепсисте; операциядан кейінгі жара инфекцияларында; тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында; тыныс ағзаларының инфекцияларында: пневмония, эмпиема, өкпе абсцесі; протозойлы инфекцияларда: лямблиоз, ішек амебиазы, бауырдың амёбалы  абсцесіАнаэробты бактериялар туғызатын операциядан, әсіресе жиек ішек, асқазан, ішекке жасалған операциялардан, сондай-ақ  гинекологиялық операциялардан кейінгі инфекциялар профилактикасында

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа  жоғарғы  сезімталдық; орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары (эпилепсия, шизофрения); қан көрінісінің өзгеруі, оның ішінде сыртартқыда. 

Қауіпсіздік шаралары

  • Емдеу кезінде және емдеуді аяқтағаннан кейін кем дегенде 3 күн бойы алкогольді сусындарды қолдануға тыйым салынады, өйткені дисульфирам тәрізді реакциялар дамуы мүмкін  (қызу, іштің ауыруы, құсу, тахикардия).  • Емдеу кезінде бас айналуы, атаксия (бағдарсыздық), шеткергі нейропатия сияқты неврологиялық бұзылулар пайда болуы мүмкін. Көрсетілген бұзылулар пайда болған жағдайда Тинидазолмен емдеуді тоқтату керек.  • Препатты қабылдау кезінде көлік құралдарын және  қауіпті механизмдерді қолданбау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Алкоголь - уытты әсерінің күшеюі. Бір мезгілде  қабылдағанда -  дисульфирам тәрізді реакцияларының дамуы  (қызу, іштің ауыруы, құсу, тахикардия). • Антикоагулянттар - Тинидазол ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттардың әсерін күшейтеді, қажет болған жағдайда протромбинді уақытты тұрақты  бақылау және антикоагулянттың дозасын түзету  керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде (оның ішінде бауыр энцефалопатиясы) қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктіліііктіің бірінші үш айында қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы, диарея, іштің ауыруы,  өңезді тіл, глоссит, стоматит, ауыздың темір татуы; бас айналуы, бас ауыруы, атаксия (бағдарсыздық), жанасу сезімталдығының төмендеуі, шеткергі нейропатия, сирек құрысулар, сезімталдықтың бұзылуы, шаршағыштық, терінің бірден қызаруы; аллергиялық реакциялар, бөртпе, есекжем, қышыма немесе ангионевроздық ісіну; өтпелі лейкопения; несептің күңгірттенуі, несеп жыныс ағзаларының кандидозы; қызба.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақпен бірге немесе тамақтан соң.12 жастан асқан балаларға.Трихомониаз:  дене салмағының әр кг 50-ден 75 мг дейін бір рет немесе 2 қабылдауға. Қажет болған жағдайда осы дозада қайта тағайындау керек.Лямблиоз: дене салмағының әр кг 50-ден 75 мг-ге дейін бір рет.  Қажет болған жағдайда емдеуді 6 күнге дейін жалғастыруға болады.  Ішек амебиазы: дене салмағының әр кг 50-ден 60 мг дейін 3 күн бойы бір рет.Қажет болған жағдайда емдеуді 6 күнге дейін жалғастыруға болады.  Бауырдың амёбалы абсцесі: дене салмағының әр кг 50-ден 60 мг дейін 5 күн бойы бір рет. 12  жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.