J01DI02 Цефтаролин фосамилі (Ceftaroline fosamil)
Қолдану көрсеткіштері
Мынадай грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің сезімтал штамдары туғызған терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары: Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал және метициллинге төзімді штамдарды қоса), Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Escherichia coli, Klebsiella pneumonia, Klebsiella oxytoca және Morganella morganii; мынадай грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің сезімтал штамдары туғызған ауруханадан тыс пневмония: Streptococcus pneumoniae (бактериемиямен қатар жүретін жағдайларды қоса), Staphylococcus aureus (тек метициллинге сезімтал штамдар), Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca және Escherichia coli.Клиникалық хаттама: 1. Ересектердегі пневмония (ауруханадан тыс пневмония)
-
Клинические протоколы:
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
Қарсы көрсеткіштері
Цефтаролин фосамиліне немесе L-аргининге жоғары сезімталдық; бета-лактамды құрылымы бар кез келген антибактериялық заттарға жоғары сезімталдық (мысалы, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе карбапенемдерге).
Қауіпсіздік шаралары
Сақтықпен қолдану: анамнезінде құрысулық синдром.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Цефтаролинмен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеуге қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК ≤ 30) немесе терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болатын айрықша жағдайларда ғана.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: тікелей оң Кумбс сынамасы.Жиі: диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің қатуы, бас ауыруы, бас айналуы, бөртпе, қышыну, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, флебит, брадикардия, гипергликемия, қызба.Жиі емес: протромбин уақытының ұзаруы (ПУҰ), халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы, құрысулар, есекжем, инфузия орнындағы реакциялар, анемия, тромбоцитопения, аса жоғары сезімталдық, Clostridium difficileт туғызған колит, бүйрек қызметінің бұзылуы (қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы.Сирек: анафилактикалық реакциялар, ангионевроздық ісіну. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.