J01DD13 Цефподоксим¹ (Cefpodoxime)
Қолдану көрсеткіштері
Үшінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар (тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекциялары; тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары); гонорея.
-
Клинические протоколы:
- Цистит и уретрит
- Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға), глюкоза-галактозаның төмен сіңірілуі синдромымен галактозаға төзімділіктің сирек тұқым қуалайтын аурулары; фенилкетонурия.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары, аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Диарея кезінде тоқтату. Аминогликозидтер, фуросемидпен бірге нефроуытты. Legionella, Mycoplasma, Chlamydia типті бактериялармен туындаған атиптік пневмония кезінде қолдануға болмайды. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді.Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонисттік әсер. Варфарин және басқа да антикоагулянттар - антикоагулянттық әсерлердің жоғарылауы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау аясында. Алкоголь - дисульфирамды реакциялар түрінде уыттану дамуы мүмкін.Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын креатинин клиренсі мәніне байланысты түзету.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қолданбау.
Емізу
Қолданбау. Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
АІЖ тарапынан бұзылыстар: жалған жарғақшалы колитке дейін, жиі диарея; тері бөртпелерінен Квинке ісінуіне дейінгі аллергиялық реакциялар. ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, галлюцинациялар, зейін қою бұзылысы, сананың шатасуы, түнгі қорқынышты түстер, парестезиялар; кандидоздар; әлсіздік; ауырсынулар (жергілікті және жалпы). ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: тахикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия немесе гипотензия, ишемиялық инсульт. Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылыстар: диспноэ, «ысқырықты» тыныс, жөтел, бронхит, демікпе, плевральді жалқық, пневмония; бүйрек қызметінің бұзылуы (гематурия, протеинурия, дизурия, зәр шығарудың жиілігі, никтурия); УК сәулелерге сезімталдық; зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке. 5 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: 12 сағат аралықпен 2 қабылдауға бөлінген (ең жоғарғы бір реттік - 200 мг), тәулігіне 10 мг/кг (ең жоғары 400 мг). 15 күн және одан асқан балалар: әр 12 сағат сайын 5 мг/кг, ең жоғарғы тәуліктік доза 200 мг. 12 жастан асқан балалар: әрбір 12 сағат сайын 100-200 мг. Грам-оң және грам-теріс бактериялармен туындаған жедел инфекциялар: 6-11 айдағы балалар: күніне 75 мг. 1-4 жастағы балалар: күніне 100 мг. 5-9 жастағы балалар: күніне 200 мг. 10-17 жастағы балалар: күн сайын 200-400 мг. Асқынбаған гонорея: 12-17 жастағы балалар: 1 дозасы үшін 400 мг. Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.