J01DD12 Цефоперазон (Cefoperazone)

Қолдану көрсеткіштері

Үшінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар, әсіресе Pseudomonas SPP туындаған инфекциялар (өт, тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекциялары; сүйектердің, буындардың, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары).
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  2. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  5. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  6. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  7. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  8. Последствия рахита
  9. Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
  10. Пневмония у детей
  11. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  12. Эмпиема плевры у взрослых
  13. Гонартроз (педиатрия)
  14. Коксартрозы (педиатрия)
  15. Нарушение плотности и структуры кости (педиатрия)
  16. Ахалазия кардии
  17. Перелом нижней челюсти со смещением отломков
  18. Острая мезентериальная ишемия
  19. Острый парапроктит
  20. Перитонит
  21. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  22. Нарушение целостности кости оперативное лечение (педиатрия)
  23. Поражение надколенника (педиатрия)
  24. Приобретенные деформации пальцев рук и ног (педиатрия)
  25. Специфические поражения суставов (педиатрия)
  26. Ювенильный дерматомиозит
  27. Воспалительные заболевания предстательной железы
  28. Дивертикул мочевого пузыря
  29. Киста почки
  30. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
  31. Последствие термических и химических ожогов и отморожений у детей
  32. Врожденная деформация грудной клетки
  33. Врожденная деформация колена
  34. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  35. Врожденные костно-мышечные деформации
  36. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  37. Дефекты, укорачивающие верхнюю конечность
  38. Дефекты, укорачивающие нижнюю конечность
  39. Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночника
  40. Абдоминальная травма
  41. Ожоги у детей
  42. Ущемленная грыжа
  43. Острый аппендицит
  44. Острый панкреатит

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа да β-лактамдарға), ырғақ жетекшісі анықталмаған жүрекішілік блокадалар, ауыр жүрек жеткіліксіздігі.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ мерзімді көктамыр ішіне жасанды тамақтануда жүрген, антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде, алкоголизмі, мальабсорбциясы (мысалы, муковисцидоз), АІЖ аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Сарғаюы бар жаңадан туылған нәрестелерде билирубинді энцефалопатия даму қаупі бар. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді (қолданылуы мүмкін).Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонисттік әсер.Варфарин және басқа да антикоагулянттар - антикоагулянттық әсерлердің жоғарылауы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау аясында.                                                Алкоголь - дисульфирамды реакциялар түріндегі уыттану дамуы мүмкін.Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.                                     Бауыр аурулары немесе өт жолдарының обструкциясы бар пациенттерге тәулігіне 4 г немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тәулігіне 1-ден 2 г дейін.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жалған жарғақшалы колитке дейінгі АІЖ тарапынан бұзылыстар, суперинфекция. ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы). Қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі (эозинофилия, нейтропения, тромбоцитопения, гипопротромбинемия, билирубин, трансаминазалар, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, несептегі глюкоза және Кумбстың жалған оң реакциясы). Тері бөртпелерінен Квинке ісінуі және Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар, кандидоздар, гепато-билиарлы (гепатит, холестатикалық сарғаю).Жергілікті реакциялар: б/і енгізген кезде - енгізген жердегі ауыру және инфильтрат, к/і енгізгенде - көктамыр жолындағы ауырсыну, флебит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Тәуліктік доза - дене салмағына байланысты 50-200 мг/кг, ол екі қабылдаумен (әр 12 сағат сайын) тең бөлікке бөлінген немесе қажет болғанда одан көп. К/і сорғалатып енгізген кезде ең жоғарғы доза салмағына байланысты 50 мг/кг құрайды, енгізу ұзақтығы - 3-5 минуттан кем емес. Жаңадан туылған нәрестелер (< 8 күн) әрбір 12 сағат сайын тең бөлікке бөліп, дене салмағына байланысты тәулігіне 50-200 мг/кг енгізеді.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.