J01DD02 Цефтазидим¹ (Ceftazidime)
Қолдану көрсеткіштері
Үшінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар, әсіресе Pseudomonas aeruginosa сезімтал (өт, тыныс алу және несеп шығару жолдарының, сүйек және буындардың; тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары); сепсис; менингит; хирургиялық алдын алу.
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға).
Қауіпсіздік шаралары
Педиатриялық тәжірибеде лидокаинді еріткіш ретінде қолдануға болмайды. Сақтықпен қолдану: жаңадан туылған кезеңдегі сәбилерде, аллергиялық реакциялары, АІЖ аурулары (жиірек спецификалық емес жаралы колит кезінде), анамнезінде қан кету, мальабсорбция синдромы бар пациенттерге, ілмекті диуретиктер және аминогликозидтермен біріктірілімі кезінде. Ауыр ағымда өтетін ауруы, бауыр қызметінің бұзылуы бар пациенттерде, егде жастағы және әлсіз науқастарда, тамақтануы толыққанды емес пациенттерде қан кету дамуының қаупі жоғары. Этанолды қабылдауға болмайды. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді.Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонистік әсер. Варфарин және басқа антикоагулянттар - антикоагулянтты әсерлердің жоғарылауы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау кезінде. Алкоголь - дисульфирамды реакциясы түрінде уыттану дамуы мүмкін.Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын креатинин клиренсі мәніне байланысты түзету.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Қолданбау.
Емізу
Қабылдау қажет болған жағдайда, емдеу уақытында бала емізуді тоқтату.Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Терілік бөртпелерден Стивенс-Джонсон немесе Лайелл синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар; жалған жарғақшалы энтероколитке дейінгі АІЖ бұзылыстары; ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, дәм сезу қабілетінің бұзылуы, тремор, миоклония, тырысулар, энцефалопатия, кома); қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгерістері (эозинофилия, нейтропения, тромбоцитопения, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің, қандағы мочевина, мочевина азоты және/немесе креатинин деңгейінің жоғарылауы, гемолитикалық анемия, гипокоагуляция, Кумбстың оң реакциясы және т.б.).Жергілікті реакциялар: б/і енгізу кезінде ауыру, күйдіру, инъекция орнындағы инфильтрат, к/і енгізу кезінде - флебит, тромбофлебит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне (бұлшықетке терең). 12 жастан асқан балалар: әрбір 8-12 сағат сайын 1 г немесе әрбір 12 сағат сайын 2 г. Ауыр инфекциялар кезінде: әрбір 8 сағат сайын 2 г немесе әрбір 12 сағат сайын 3 г. Егер доза 1 г жоғары болса тек к/і енгізу. Жаңадан туылған нәрестелер және 2 айға дейінгі сәбилер: 2 енгізуге бөлінген, тәулігіне 25-60 мг/кг. 2 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: 2-3 енгізуге бөлінген, тәулігіне 30-100 мг/кг. 1 айдан 18 жасқа дейінгі балалар: әрбір 8 сағат сайын 25 мг/кг (ең жоғары тәулігіне 6 г) (жаңадан туылған нәрестелерге 1-3 қабылдау); ауыр инфекциялар кезінде доза екі еселенеді (ең жоғары тәулігіне 9 г). Егер доза 1 г жоғары болса тек к/і енгізу. Муковисцидоз кезінде өкпенің псевдомональды инфекциясы. Көктамыр ішіне. Балаларға әр 8 сағат сайын 50 мг / кг; күніне ең көп 9 г. Фебрильді нейтропения. Көктамыр ішіне. Балаларға. 50 мг / кг әр 8 сағат сайын; күніне ең көп дегенде 6 г. Менингит. Көктамыр ішіне. Нәрестелерге 7 күнге дейін. 50 мг / кг әр 24 сағат сайын. Нәрестелерге 7 күннен 20 күнге дейін. Әр 12 сағат сайын 50 мг / кг. Нәрестелерге 21 күннен 28 күнге дейін. 50 мг / кг әр 8 сағат сайын. Балаларға әр 8 сағат сайын 50 мг / кг; күніне ең көп дегенде 6 г. Сезімтал грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған сезімтал инфекциялар. 7 күнге дейін нәрестелерге әр 24 сағат сайын 25 мг / кг. Нәрестелерге 7 күннен 20 күнге дейін әр 12 сағат сайын 25 мг / кг. Нәрестелерге 21 күннен 28 күнге дейін әр 8 сағат сайын 25 мг / кг. Балаларға әрбір 8 сағат сайын 25 мг / кг; күніне ең көп дегенде 6 г. Сезімтал грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған ауыр сезімтал инфекциялар. Көктамыр ішіне. Нәрестелерге 7 күнге дейін. 50 мг / кг әр 24 сағат сайын. Нәрестелерге 7 күннен 20 күнге дейін. Әр 12 сағат сайын 50 мг / кг. Нәрестелер 21 күннен 28 күнге дейін әр 8 сағат сайын 50 мг / кг. Балаларға әр 8 сағат сайын 50 мг / кг; күніне ең көп дегенде 6 г.