J01DC03 Цефамандол (Cefamandole)

Қолдану көрсеткіштері

Сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекцияларды емдеу: төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; несеп шығару жүйесінің инфекцияларында; перитонитте; сепсисте; терінің және жұмсақ тіннің инфекцияларында; сүйектердің және буындардың инфекцияларында; периоперациялық инфекциялардың профилактикасында.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез-келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; анамнезінде пенициллинге немесе басқа бета-лактамдарға жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

 • Осы препараттарға аллергиясы бар пациенттерде препаратқа да аса жоғары сезімталдық (айқаспалы аллергия) дамуы мүмкін. • Препараттың өте жоғары дозаларымен емделген, ауыр инфекциялары бар пациенттерде бүйректің жай-күйін бағалау жүргізу ұсынылады.   • Антибиотиктерді ұзақ қолдану төзімді бактериялардың немесе саңырауқұлақтардың шамадан тыс дамуына себеп болуы мүмкін.  • Егер пациентте ауыр тоқтаусыз іш өту пайда болса, (көбіне Clostridium difficile әсерінен туындаған жағдайларда) псевдомембранозды колит дамуы мүмкін екендігін ескеру қажет.  • Анамнезінде ас қорыту жолдарының аурулары бар, әсіресе колитпен ауыратын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.     • Сирек жағдайларда, К витаминін қолданғаннан кейін қайтатын, қан кетумен немесе онсыз болатын гипопротромбинемияға әкеп соғуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - сарысуда препараттың концентрациясын жоғарылатады және оның жартылай шығарылу кезеңін арттырады.   Аминогликозидтер - бірге қолданғанда нефроуыттылық симптомдар туындайды.Алкоголь - бір мезгілде қолданғанда ацетальдегидтің жиналып қалуы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде цефамандолдың жартылай шығарылу кезеңі 8-24 сағатқа дейін артады.

Жүктілік

Өте қажет болған жағдайда  ғана қолданылады. 

Емізу

Сақтықпен қолдану қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: бұлшықетішілік енгізілген жердің ауыруы. Сирек: АІЖ функциясының бұзылулары: жүректің айнуы, құсу, псевдомембранозды колит; транзиторлы гепатит, холестаздық сарғаю; тромбоцитопения, нейтропения; тромбофлебит және көктамырішілік енгізуден кейінгі ауыру; терінің және шырышты қабықтардың микоздары. Өте сирек: қызба, эозинофилия, анафилаксиялық шок.

Балаларда қолданылуы

  Көктамырішілік немесе бұлшықетішілік. Емшек ему  жасындағы және одан үлкен балалар: әдетте әрбір 4-8  сағат сайын бірнеше рет енгізуге бөлінген, дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 50-ден 100 мг-ге дейін; ауыр инфекцияларда дозаны, ересектерге арналған ең жоғары дозадан асырмай, дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне 150 мг-ге дейін арттыруға болады.  Периоперациялық инфекциялар профилактикасы: әрбір 4-8 сағат сайын бірнеше енгізуге бөлінген, дене салмағының әр кг шаққанда 50-ден 100 мг-ге дейін.Шала туған және жаңа туған нәрестелер (өмірге келген алғашқы айдың соңына дейін) қарсы көрсетілген.