J01AA07 Тетрациклин (Tetracycline)
Қолдану көрсеткіштері
Сезімтал микроағзалармен туындаған инфекциялар, мысалы хламидиямен (трахома, орнитоз, сальпингит, уретрит және венерологиялық лимфогранулематоз), риккетсиялармен (Q-қызбасын қоса), спирохеталармен шақырылған инфекциялар, сондай-ақ Mycoplasma pneumoniae туындатқан тыныс және жыныс жолдары инфекцияларында, Haemophilus influenzae туындатқан созылмалы бронхит асқынуы кезінде, пародонттың деструктивті ауруында, дөрекі безеулерде, розацеа және лептоспироз кезінде балама ретінде қолданылады.
-
Клинические протоколы:
- Гонококковая инфекция
- Сибирская язва
- Холера
- Импетиго
- Розовый лишай Жибера
- Угревая болезнь
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Хронический гастрит
- Хронический рецидивирующий афтозный стоматит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Ведение родов
- Кесарево сечение
- Многоплодная беременность
- Отморожение у детей
- Гастродуоденальное кровотечение
Қарсы көрсеткіштері
Тетрациклиндерге жоғары сезімталдық; лейкопения, жүйелі қызыл жегі; сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаны көтереалмаушылық, глюкозо-галактозалық мальабсорбция.
Қауіпсіздік шаралары
Жарыққа сезімталдығына байланысты инсоляцияны шектеу. Ұзақ уақыт қолдану кезінде қан түзу мүшелерін бақылау. Аралас инфекция кезінде сифилис симптомдарын жасыратындықтан, 4 ай бойы әр ай сайын серологиялық талдау жүргізу қажет. Барлық тетрациклиндер кез келген сүйек құрылым тіндерінде кальциймен бірге тұрақты кешендер түзеді. Гиповитаминозды алдын алу үшін В және К дәрумендері, сыра ашытқысы тағайындалады. Автокөлік жүргізуден немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ретиноидтар - бірге қолдануды болдырмау! (басішілік гипертензия даму қаупінің жоғарылауы). Антацидтер, кальций тұздары, сүт тағамдары, темір тұздары, сукральфат - тетрациклиндер сіңірілуінің төмендеуі (сондай-ақ тетрациклиндер темір және мырыш сіңірілуін төмендетеді).Кумаринді антикоагулянттар (мысалы варфарин) - антикоагулянтты әсері жоғарылауы мүмкін.Рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал - доксициклин метаболизмінің жоғарылауы (әсері төмендеуі мүмкін).Эрготамин туындылары - эрготамин уыттылығының жоғарылауы мүмкіндігі.Пенициллиндер - пенициллиндермен антагонизмі.Сульфонилмочевина - гипогликемиялық әсері жоғарылауы мүмкін.Метотрексат - метотрексаттың жоғары уыттылығының дамуы туралы мәліметтердің болуы. Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қолдану кезінде бүйрек қызметін бақылау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде - қолданбау!
Бауыр жеткіліксіздігі
Қолдану кезінде бауыр қызметін бақылау керек. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде - қолданбау!
Жүктілік
Жүктілік кезінде қарсы көрсетілген, себебі тетрациклиндер плацента арқылы өтеді және сүйек тіні дамуының ауыр бұзылыстарын тудырады.
Емізу
Ана сүтіне енеді. Бала тісінің және сүйегінің дамуына теріс әсер етуіне байланысты емізу кезінде қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
АІЖ бұзылыстар (тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея, жүрек айнуы, глоссит, эзофагит, гастрит, 12 елі ішек және асқазанның жаралануы, тіл бүртіктерінің гипертрофиясы, дисфагия).Гепато-билиарлы бұзылыстар («бауырлық» трансаминазаларының, билирубиннің жоғарылауы, панкреатит).Бүйрек қызметінің бұзылыстары (азотемия, гиперкреатининемия).Қан тарапынан болатын өзгерістер (гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, нейтропения, эозинофилия).Аллергиялық реакциялар (макулопапулезді бөртпе, тері гиперемиясы, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидты реакциялар, дәрілік жүйелі қызыл жегі).Суперинфекция, кандидоз.Өте сирек: жарыққа сезімталдық; В тобы дәрумендерінің гиповитаминозы.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.