H05AA02 Терипаратид (Teriparatide)
Қолдану көрсеткіштері
Постменопаузалық кезеңдегі әйелдерде және сынудың жоғары қауіп тобына жататын еркектерде остеопорозды емдеуде; сынудың жоғары қауіп тобына жататын әйелдер мен еркектердегі жүйелік глюкокортикоидтермен ұзаққа созылған еммен байланысты остеопорозды емдеуде.
-
Клинические протоколы:
- Остеопороз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқаа немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық; алдында гиперкальциемия болуы; алғашқы остеопорозды немесе глюкокортикоид-индукцияланған остеопорозды қоспағанда, сүйектің метаболизмдік аурулары (гиперпаратиреозды және Педжет ауруын қоса); генезі түсініксіз сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы; қаңқа сүйегін бұның алдында сәулемен сырттай немесе жанаспалы емдеу; сүйектің қатерлі ісігі немесе сүйектегі метастаздары бар пациенттер.
Қауіпсіздік шаралары
• Егер ерітіндісі лай болса, түсін өзгертсе немесе құрамында бөгде бөлшектер болса, пайдалануға болмайды. Пайдаланылмаған препарат немесе шығын материалдарын жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек. • Жастау ересектердің емделуіі, егер препаратты қабылдаудың артықшылықтары қауіптен жоғары болған жағдайда ғана басталуы керек. • Қандағы кальций құрамын анықтау үшін қан алуды соңғы енгізгеннен кейін 16 сағат өтпей жүргізуге болмайды. • Несептас ауруы бар пациенттерде (жедел ағым немесе жуырда өршуі) осы аурудың өршу қаупінен сақтықпен қолдану керек. • Препаратты қабылдағанда қысқа мерзімдік ортостатикалық гипотензияның қысқа мерзімдік сирек эпизодтары байқалуы мүмкін, олар әдетте препаратты енгізгеннен кейін 4 сағат ішінде туындайды және бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейінгі уақыт ішінде өздігінен қайтады. • Көлік құралдарынан немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан ем кезінде бас тарта тұру керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Дигиталис препараттары - уыттану дамуы, сақтықпен қабылдауы тиіс. • Деректердің болмауына байланысты оны басқа препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.Бүйрек функциясының орташа бұзылуында сақтықпен қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: аяқ-қолдың ауыруы. Жиі: анемия; гиперхолестеринемия; депрессия; бас ауыруы, бас айналуы, ишиас, естен тану; вертиго; жүректің жиі қағуы; артериялық қысымның төмендеуі; ентігу; жүрек айнуы, құсу, диафрагманың өңеш тесігінің жарығы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы; жоғары тершеңдік; бұлшықет түйілулері; әлсіздік, кеуденің ауыруы, астения, инъекция орнындағы әлсіз және өтпелі құбылыстар (оның ішінде ауыру, ісіну, эритема, оқшауланған қанталау, инъекция орнындағы қышыну және елеусіз қан кету).Жиі емес: тахикардия; эмфизема; геморрой; миалгия, артралгия, арқаның құрысулары/ауырулары (инъекциядан кейінгі бірнеше минут ішінде арқа бұлшықеттерінің түйілуі немесе арқадағы ауырулар туындаған ауыр жағдайлар туралы хабарланған); несепті ұстай алмау, полиурия, несептің ауырып қысуы, нефролитиаз; инъекция орнындағы эритема, инъекция орнындағы реакция; гиперкальциемия 2.76 ммоль/л астам; гиперурикемия; салмақ артуы, жүрек шуылы, сілтілік фосфатаза артуы.Сирек: гиперкальциемия 3.25 ммоль/л жоғары; анафилаксия; бүйрек жеткіліксіздігі/бүйрек функциясы бұзылуы; инъекциядан кейінгі бірден жедел ентігу, ауыз қуысы/бет ісінуі, жайылған есекжем, кеуденің ауыруы, ісінулерді (негізінен шеткері) қоса, аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.