H03BB02 Тиамазол¹ (Thiamazole)

Қолдану көрсеткіштері

Гипертиреозды емдеу, гипертиреоздың барлық түрлерінде хирургиялық операцияға дайындау.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. вапр
    Клинические протоколы:
  1. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  2. Тиреотоксикоз у взрослых
  3. Тиреотоксикоз у детей
  4. Хронический гепатит В у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне немесе тионамидтің басқа да туындыларына жоғары сезімталдық; агранулоцитоз, гранулоцитопения; емді бастар алдындағы холестаз; карбимазолмен немесе тиамазолмен емдеу жүргізгеннен кейін сүйек кемігінің бұрын байқалған зақымданулары.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, аллергиялық бөртпе, қышыну) бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Тек қысқа мерзімдік ем түрінде және жемсау өсуі салдарынан трахеяның тарылу қаупі және жемсауы бар пациенттерді мұқият бақылаған жағдайда ғана қолдану керек. Ем басталғанға дейін және одан кейін қан талдауы көрсеткіштерін бақылау ұсынылады, әсіресе бұрын болған гранулоцитопениясы бар пациенттерде. Жоғары дозалар субклиникалық немесе клиникалық гипотиреозға және ТТГ мөлшерінің жоғарылауы салдарынан жемсаудың өсуіне алып келуі мүмкін. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Амидопирин және оның аналогтары, сульфаниламидтер - лейкопения даму қаупі.Йод, калий йодиді - тиамазол тиімділігін төмендетеді.Литий препараттары, резерпин - тиамазол тиімділігін жоғарылатады.Дигоксин, дигитоксин - қан плазмасында жүрек гликозидтері концентрациясының жоғарылауы.Антикоагулянттар (кумарин, индандион туындылары) - тиамазол антикоагулянтты әсерін төмендетеді.Бета-адреноблокаторлар - тиамазол бұл препараттардың клиренсін жоғарылатады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен, қадағалау арқылы қолдану керек. Дозасын түзетуді қажет етеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзетуді қажет етеді.

Жүктілік

Плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ұрық қанында анасының сарысуында байқалатын концентрацияға тең концентрацияға жетуі мүмкін, эмбриоуытты әсері дамуы мүмкін. Қалқанша маңы безі гормондары және тиамазолмен кешенді терапия қарсы көрсетілген.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Емізу

Емшек сүтіне өтеді, онда ана сарысуындағы концентрацияға сәйкес концентрацияға жетуі мүмкін; сондықтан жаңа туған нәрестеде гипотиреоз даму қаупі бар. Қалқанша маңы безі гормондары және тиамазолмен кешенді терапия қарсы көрсетілген.                         

Жағымсыз әсерлері

Қышыну, қызару, жегіге ұқсас синдромға дейін бөртпелер, холестаздық сарғаю, уытты гепатит, гипогликемиямен инсулинді аутоиммундық синдром, неврит, полинейропатия, сілекей бездерінің ұлғаюы, құсу.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

3 жастан асқан балалар: бастапқы доза пациенттердің дене салмағына байланысты есептеледі және екі немесе үш бірдей бөлікке бөлінген 0,5 мг/кг дозадан бастайды. Демеуші терапия үшін, тәуліктік доза азайтылуы мүмкін және емдеуге пациенттің реакциясына байланысты күніне бір рет беріледі. 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.