H01CC02 Цетрореликс (Cetrorelix)
Қолдану көрсеткіштері
Пациент әйелдердегі мерзімінен бұрынғы овуляцияны болдырмауда, әрі қарай қосымша репродуктивтік технологиялар аясында ооциттерді іріктей отырып, бақыланатын овариальді стимуляциялау жүргізілгенде.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа, гонадотропин-рилизинг гормонының құрылымдық аналогтарына, экзогенді пептидті гормондарға немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық, менопауза басталғаннан кейінгі кезең.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары немесе анамнезінде аллергияларға бейімділігі бар әйелдерде қолданғанда ерекше сақтық таныту керек. Ауыр аллергиялық аурулары бар әйелдерде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бейімділігі бар тұлғаларда гонадотропиндермен немесе гистаминнің босап шығуын индукциялайтын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы кездеседі. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Инъекция орнындағы жергілікті реакциялар (эритема, ісіну немесе қышыну сияқты), стимуляциялау шарасының ажырамас қаупі болып табылатын аналық бездердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа асқын гиперстимуляция синдромы (ДСҰ жіктемесіне сәйкес I немесе II дәрежедегі).Сирек: бас ауыруы, жүрек айнуы, жүйелі аллергиялық немесе жалған аллергиялық реакциялар, өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық реакцияларды қоса, аналық бездердің асқын гиперстимуляция синдромының ауыр түрі (ДСҰ жіктемесіне сәйкес III дәрежедегі).
Балаларда қолданылуы
Қолданбау.