H01BB03 Карбетоцин¹ (Carbetocin)

Қолдану көрсеткіштері

Спинальді немесе эпидуральді анестезияны қолданумен жүретін, кесарь тілігінен кейінгі жатыр атониясының алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  2. Кесарево сечение
  3. Многоплодная беременность
  4. Ведение родов

Қарсы көрсеткіштері

Карбетоцинге, окситоцинге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық, босану қызметін ынталандыру үшін, эклампсия және преэклампсия көріністері, жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде бас сақинасы, бронх демікпесі және жүрек-қантамыр аурулары, сондай-ақ, жүрек-қантамыр жүйесіне жүктемені күшейтетін жасуша сыртындағы сұйықтықтың көлемі бірден артумен қатар жүретін кез келген жағдайда сақтықпен қолданылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қастауыш алколоидтар (мысалы, метилэргометрин) - артериялық қысымның жоғарылауы, қастауыш алколоидтары әсерінің күшеюі.Простагландиндер - карбецотин әсерін көтермелейді.Кейбір ингаляциялық анестетиктер (галотан және циклопропан) - гипотензиялық әсердің күшеюі және жатырға карбетоцин әсерінің әлсіреуі.Окситоцин - карбетоцинмен бірге қатар қабылдағанда аритмияның даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Босану индукциясы мақсатында қолдану қарсы көрсетілген.

Емізу

Ана сүтіне енеді. Қолдану рұқсат етілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, іш ауыруы, препаратты енгізгеннен кейін ыстықты сезіну, бас ауыруы, діріл, тері жабынының қышынуы, артериялық гипотензия, беттің қызаруы.Жиі: анемия, ауызда металл дәмі, құсу, қалтырау, инъекция орнының ауыруы, арқаның ауыруы, бас айналуы, кеуденің ауыруы, ентігу.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Қолданбау!